Қазақстандықтардың жоғары лауазымды тұлғалардың атынан ақша аударуды өтінген жалған хаттар алуы тыйылар емес

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандықтардың жоғары лауазымды тұлғалардың атынан ақша аударуды өтінген жалған хаттар алуы тыйылар емес, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

WhatsApp және т.б. мессенджерлер арқылы жалған хабарламалар жоғары лауазымды тұлғалардың, соның Министрлер кабинетінің басшылары мен басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың атынан да, түрлі мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдардың,  қоғамдық қорлар және басқа құрылымдар атынан да жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚазТАГ 10 сәуірде Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап, премьер-министр Олжас Бектеновтың атынан су тасқынымен күресуге қаражат аударуды өтінген хабарламалардың жалған екенін ресми түрде хабарлаған болатын. Сонымен қатар бұл хабарламадар Министрлер кабинетінің басшысы еш қатысы жоқ және интернетте алаяқтар таратуда делінген болатын. Бұл ретте құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттерге барғандарды анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізіп жатқаны айтылды.

Кейінірек көптеген министрліктер мен басқа да ірі ведомстволар министрлер мен басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың атынан қаржылай көмек сұраған жалған хабарламалар туралы хабарлады.

Жағдай қайталанған сайын ресми мемлекеттік органдар мұндай хабарлама түрлерінің артында интернет алаяқтары тұрғанын баса айтуда.

adimage