МЖӘ жобалар бойынша міндеттерді орындауға бес жылда Т86 млрд астам қаражат жұмсамақшы

     Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобалары бойынша міндеттемелерді орындауға бес жылда Т86 млрд астам қаражат жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   «Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 17 233 009; 2024 жыл - 17 288 218; 2025 жыл - 17 235 968; 2026 жыл - 17 235 968; 2027 жыл - 17 235 968», - деп бюджет жобасында айтылған.
   Жалпы сома – Т86 229 131 000.
    Мақсаты - халықтың ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымына қолжетімділігі және ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
   «Міндеттер: Интернет қолданушылар үлесі 2025 жылы - 93,7%, 2026 жылы - 93,9%, 2027 жылы - 94,1%. Интернетке кең жолақты қол жетімділіктің үй желілерінің ену деңгейі 2025 жылы - 97%, 2026 жылы - 98%, 2027 жылы - 100%», - деп жобада жазылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage