Сатыбалдының бұрынғы әйеліне қатыстыр іс сотқа жолданды

   Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ - Сатыбалдының бұрынғы әйелі –Гульмира Сатыбалдыға қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық күдігі бойынша тергеуді аяқтады»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   Аталған агенттік өкілдерінің хабарлауынша, процеске қатысушылар да қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады.
   "Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г. Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген Антикор хабарламасында.
   Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге жұмсалған қаражатты жымқыру, рейдерлік және адам ұрлау істерімен айыпталуда. 2023 жылдың 30 маусымында Қызылордада 441 миллион теңге көлемінде шығын келтіргені үшін тағы сегіз жылға сотталды.

Фото көзі: Фото из открытых источников


adimage