Шымкентте жол қозғалысын реттейтін құралдар кешенін жөндеу жұмыстарына Т6,8 млрд жұмсамақшы

   Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ – Шымкентте жол қозғалысын реттейтін құралдар кешенін жөндеу жұмыстарына Т6,8 млрд жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
  «Тапсырыс беруші – «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ; атауы - жол қозғалысы мекемесінің техникалық құралдарына қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Шымкент қаласындағы жол қозғалысын реттейтін құралдар кешенін жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т6 843 582 150,89», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
   Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 13 мамырда басталып, 28 мамырда аяқталады.

Фото көзі: otyrar.kz


adimage