Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда су тасқыны жағдайына байланысты «Болашақтың ойындары» 2026 жылға ауыстырылды, деп хабарлады туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсырды», – деп хабарлады ведомстводан.
Хабарда атап өтілгендей, биыл күзде ұйымдастырылатын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындарын оңтайландыру, «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Биылғы ақпанда Президент Татарстанның Қазан қаласында өткен «Болашақтың ойындары» бәсекесінің ашылу салтанатына қатысып, келесі жылғы мультиспорт турнирі Қазақстанда өтетінін мәлімдеген еді.
Ойындар цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал бағдарлама бойынша өтті. Қазақстанның ойыншылары мен командалары спорттың 13 түрі бойынша сайысқа түсті. Жалпы бұл турнирде еліміздің 48 өкілі бақ сынады.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің жаңа министрін қабылдады14 Мамыр 2024, 16:56
-
Автожолдардың құрылыс-монтаж жұмыстарына биыл Т595 млрд жұмсамақ14 Мамыр 2024, 16:07
-
Қазақстанда шетелдіктер үшін көшпенділер визасы енгізіледі14 Мамыр 2024, 15:34