Ақтау. 26 сәуір. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларының 2024 жылдың ІІ тоқсанына арналған шекті бағасы «қызметтік пайдалану үшін» (ҚПҮ) белгісімен жасырылған, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қызметтік пайдалану үшін», - делінген Қазақстан Республикасы электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкіндегі қаулы бетіне өту кезіндегі хабарламада.
Сонымен қатар, хабарламаның «23.04.2024 жылғы өзекті нұсқасы» туралы екені айтылған және «қызметтік пайдалану үшін» деп білгіленген нормативтік құқықтық актілер Эталонды бақылау банкінде деректемелер түрінде көрсетілген.
НҚА карточкасына сәйкес, қаулыны Маңғыстау облысының әкімдігі қабылдаған және оған «64 ДСП» нөмірі берілген.
Осылайша, өңір тұрғындары әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде қай заңға сүйенулері керек және сатушының бағаны көтеріп тұрмағанын қалай түсіне алады – бұл ақпаратты әкімдік жасырып қалған.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің жаңа министрін қабылдады14 Мамыр 2024, 16:56
-
Автожолдардың құрылыс-монтаж жұмыстарына биыл Т595 млрд жұмсамақ14 Мамыр 2024, 16:07
-
Қазақстанда шетелдіктер үшін көшпенділер визасы енгізіледі14 Мамыр 2024, 15:34