Семей. 26 сәуір. ҚазТАГ – «Семей Орманы» МОТР орман өртеніп жатыр, деп хабарлады экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметінен.
«Алдын-ала ақпарат. Абай облысы. 26 сәуір сағат 13.21-де келесідей ақпарат келіп түсті: Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылынан 15 км қашықтықтағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалы Дмитриев орман шаруашылығы 148 кварталда орман өртенген. Жері батпақты, жету қиын», - делінген жұмадағы хабарда.
Комитетте нақтылағандай, «Семей орманы» орман шаруашылығы өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«ОШ (11 адам мен жеті бірлік техника), ТЖД (жеке құрамдағы алыт адам мен екі бірлік техника) шығып кетті», делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің жаңа министрін қабылдады14 Мамыр 2024, 16:56
-
Автожолдардың құрылыс-монтаж жұмыстарына биыл Т595 млрд жұмсамақ14 Мамыр 2024, 16:07
-
Қазақстанда шетелдіктер үшін көшпенділер визасы енгізіледі14 Мамыр 2024, 15:34