Ильхам Әлиев Алматыда әзербайжан-армян келіссөздері өтетінін хабарлады

Алматы. 29 сәуір. ҚазТАГ – Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Алматыда әзербайжан-армян келіссөздері басталғанын хабарлады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

«28 сәуірде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевке телефон соқты. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері таяуда Алматыда бейбіт келісім бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін кездесетінін айтты», – делінген хабарламада.

Блинкен Армения мен Әзербайжан арасында шекараны делимитациялау бойынша келіссөздерге қолжеткізілгенімен құттықтады.

Бейбіт келісімді және оның негізін қалап отырған 5 принціпке бастамашы болып отырған Әзербайжан тарапы.

«Ел бейбітшілік күн тәртібінің алдағы уақытта да жалғасын табуы үшін бар күш-жігерін салады. Бұл үшін Әзербайжанның күшті саяси еркі бар. Әзербайжан интеграцияланған Оңтүстік Кавказ үшін аймақтық ынтымақтастық моделін құруды қолдайды», – деді Ильхам Әлиев.

adimage