Home
ҚАЗ | РУС | ENG

Қадірменді оқырман!

 

ҚазТАГ топ жаңалықтары - ұялы телефонға

ҚазТАГ халықаралық агенттігі 2009 жылдың 7 сәуірінен бастап жаңа қызметті іске қосты - «Билайн» және «K-cell» ұялы байланыс операторларының телефондарына жаңалықтар жібере бастады. Қызметке жазылу үшін абонент «1054» қысқа нөміріне«новости» немесе «novosti» деп жазылған SMS жолдауы тиіс. Осы сәттен бастап ол ҚазТАГ-тың SMS-жаңалықтарына жазылған болып есептеледі.

Қандай хабарламалар келеді? Әрине, топ-жаңалықтар – халықтың барлық топтарына қызықты аса маңызды ақпараттар. Дәлірек айтқанда: биліктің жоғарғы эшелонындағы қызметтен босатулар мен тағайындаулар, маңызды үкіметтік шешімдер, бизнестегі жаңалықтар, қылмыстық істерді қозғау мен тоқтату, төтенше оқиғалар, ауа райының күрт өзгерістері және т.с.с. Бір күнде таңғы сағат 9-дан кешкі 20. 00-ге дейін орташа есеппен осындай 3-5 жаңалық келеді. Жазылудың құны айына 3 500 теңге, ақша абоненттің депозитінен автоматты түрде алынатын болады ақпараттың мазмұнына байланысты мына e-mail-ге: assetms@gmail.com жазсаңыз болады.

Серіктестер

http://kyrtag.kg/
http://kyrtag.kg/

Күнтізбе

Д С С Б Ж С Ж
 
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
 
10
 
11
 
12
 
13
 
14
 
15
 
16
 
17
 
18
 
19
 
20
 
21
 
22
 
23
 
24
 
25
 
26
 
27
 
28
 
29
 
30
 
31
 
 
 
Add to calendar

Сұхбат





 

Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ – Ақмарал Сыздықова. Биылғы шілде айында Кедендік одақтың (КО) үш мемлекет басшылары бәсекелестік туралы заң үлгісін қабылдайды. Жобаның ақтық талқылауы 21...

КӨЗҚАРАС

 

Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қазақстандық басшылық көптен айтып жүрегн «халықтық ІРО» іске асты. Бірақ осы оқиғаға сырт қарағанның өзінде қор биржасында құмар ойындарға ресми рұқсат берілгеннен басқа ешнәрсе болмағанын көруге болады.

 

IPO мен ойынхана. Айырмашылығы неде?

 

Мені кейде биліктің тиянақсыздығы таң қалдырады. Бір жағынан жасырын ойынханалармен, әрине, Бурабай мен Қапшағайдан басқа жердегілермен қатаң түрде күрес жүргізіледі де, екінші жағынан, қор биржасында сол құмар ойындарға ресми рұқсат беріліп қойылған? Карта таратып отырған үстел басындағы ойын мен қор биржасындағы ойынның айырмашылығы бар ма?  Енді осы сауалдарға қатарымен жауап беріп көрейік....

Валюта бағамы

Күн жаңалығы

17 Мамыр 21:58

 

Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ –  Қазақстан «Наурыз» мерекесін ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасы тізіміне енгізуді сұрап өтініш дайындап жатыр, деп хабарлады astana.kzсайты.

Бүгін Астанада  ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының отырысы өтті. Онда 2012 жылдың жұмысының қорытындылары шығарылып, биылғы жылдың жұмысының басты бағыттары айқындалды.

Отырыста мәдени нысандарды қорғау жөніндегі Ұлттық комитет жұмысы мен ЮНЕСКО тізіміне кіргізуді ұсына отырып, Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларының алдын ала жасалған тізбесі жөнінде сөз қозғалды.

Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларын ЮНЕСКО тізімінің жаңа ұлттық аталымына енгізу ұсынысы бойынша біздің еліміз жағынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед сөз сөйледі.

«Бірінші кезекте біз тапсырыс ретінде «Наурыз» мерекесі мен саятшылықты ұсынуға әзірленіп жатырмыз. Біз кеш қалып барамыз. Мәселен, бүркітпен аң аулау саятшылығын тізімге 12 ел енгізіпті. Қазақтың бүркітпен аң аулауы енді тек 13-ші болуы мүмкін», - деді  министр.

«Сонымен қатар,  «айтыс»,  «киіз үй» сияқты аталымдар, Қырғызстанмен бірге домбыра мен қобызда күй тарту, оған қоса башқұрттармен бірге сыбызғы тарту өнері, тағы да басқаларды енгізу жоспарлануда», - деп сабақтады сөзін ол.

Сондай-ақ, 2013 жылғы басты оқиғалардың бірі ретінде ЮНЕСКО-ға әлемдік мұралар Тізіміне енгізу үшін ҚХР, Қазақстан мен Қырғызстан дайындаған трансшекаралық Жібек жолы: бастапқы телім және Тянь-Шань дәлізі бағдарларының желісі аталымын беруіміз атап өтілді.

Бұдан бөлек отырыста 2013 жылға арналған бірқатар міндеттер қойылды. Олардың қатарында БҰҰ мен ЮНЕСКО басшылырының, көрнекті саясаткерлер мен ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен мәдениетті жақындастырудың Халықаралық онжылдығын ресми ашуға арналған Астанада өткізілуі жоспарланған Халықаралық форум бар. 

Іс-шараға ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы  И. Тасмағамбетов, ЮНЕСКО жанындағы ҚР тұрақты өкілі О.Сүлейменов,  ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Қаппаров, ҚР Білім және ғылым вице -министрі М. Орынханов, және басқалар қатысты.

БҮГІНГІ САНДА

18 Мамыр, 2013 - 21:35

Футболдан Қазақстан чемпионатында «Ертіс» ойынның соңғы минуттарында «Қайраттан» жеңіліс тапты

18 Мамыр, 2013 - 20:26

Солтүстік Қазақстанда қатты желдің салдарынан электр қуатын тарату желілері үзіліп, үйлердің төбелері ұшып кетті

18 Мамыр, 2013 - 20:00

Таразда 10 спорт түрінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы Қазақстан спартакиадасы ашылды (толық.)

18 Мамыр, 2013 - 14:33

Кеңлік кен орнындағы электр энергетикалық кешен Қызылорда облысының индустриаландыру картасына енгізілді

18 Мамыр, 2013 - 11:58

Өскемен құтқарушылары үйдің жанына төгілген 2 кг сынап жинады

18 Мамыр, 2013 - 11:28

Қазақстан Түркияда кадеттер арасында күрестен халықаралық турнирде 8 медаль иеленді

18 Мамыр, 2013 - 11:02

Қазақстанның шығысында магнитудасы 4,5 жер сілкінісі болды

18 Мамыр, 2013 - 10:55

Анталиядан Алматыға ұшып келе жатқан жолаушылар ұшағы Шымкентке қонуға мәжбүр болды - ТЖМ

18 Мамыр, 2013 - 10:48

Францияның Қазақстандағы елшісі Солтүстік Қазақстанның инвестициялық әлеуетін зерттеп жатыр

18 Мамыр, 2013 - 10:34

Қазақстанның басым бөлігінде сенбі күні күн күркіреп, жаңбыр жауады

17 Мамыр, 2013 - 21:56

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады

17 Мамыр, 2013 - 19:39

Қорған облысының губернаторы қазақстандық дәрігерлерді Илизаров емханасында оқыту мүмкіндігін қарастыруға дайын

17 Мамыр, 2013 - 19:25

Қорған облысының губернаторы Солтүстік Қазақстанға қазіргі заманғы автобустар жеткізуді ұсынды

17 Мамыр, 2013 - 17:45

ҚР Ұлттық банкі 17 мамырда ҚазТАГ-ты брифингке шақырған жоқ

17 Мамыр, 2013 - 17:36

Қазақстанда құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекет жөніндегі тұжырымдама әзірленіп жатыр

17 Мамыр, 2013 - 16:53

І тоқсанда қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі нашарлаған - Ұлттық банк

17 Мамыр, 2013 - 16:37

Назарбаев 22 мамырда Астанада шетелдік инвесторлар кеңесін өткізеді

17 Мамыр, 2013 - 15:50

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы түсті

17 Мамыр, 2013 - 15:22

«Қазатомөнеркәсіп» АҚШ-та өкілдігін ашты

17 Мамыр, 2013 - 15:13

Қазақстан ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасына «Наурыз» мейрамын енгізуді ұсынбақшы