Home
ҚАЗ | РУС | ENG

Серіктестер

http://kyrtag.kg/
http://kyrtag.kg/

Объявления

КазТАГ требуется выпускающий редактор. Резюме высылать на адрес almaty@kaztag.kz

В офис Астаны требуется журналист. Резюме высылать на irina_astana@kaztag.kz

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТЫ немесе ҚАРА ТҮНЕКТЕГІ ҚАРА МАРЖАН

9 Маусым 21:05

Алматы. 9 маусым. ҚазТАГ - Расул Рысмамбетов. Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат бар деген сөз аксиома сияқты. Қазақстандық шенеуніктер Қазақстанның инвестициялық имиджі аса тартымды деп сендіріп жатады. Біз тәуелсіздік кезеңінде республикаға жүз миллиард доллардан астам шетел инвестициясын тарттық.
Біз шетелден инвестиция тарту бойынша басқа мемлекеттерді артта қалдыратын ондаған өлшем бар. Қазақстанның Ірі Каспий Мұнайы немесе металдардың жеңілдетілген экспорты – инвестордың арманы.
 
Жыртқыштың инвестициясы
 
Елімізге салымдардың өсімі туралы есептердің барлығында бір «бірақ» бар – шикізат өндіруге салынатын инвестицияларҚазақстанға салынған жалпы қаржының 60-80% құрайды. Қазақстандықтар мен шетелдіктер басқа салаларға мемлекеттік бағдарламаларда жоспарланғандай аса ықыласпен қаржы құя қоймайды. Президент тәуелсіздік жылдары Қазақстанға $108 млрд шетел инвестиция салынғанын мәлімдеді. Бұл дегеніміз аталған қаржының басым бөлігі шикізат өндіруге және оны ел аумағынан шығаруға салынғанын білдіреді.
Ауыл шаруашылығына, инфрақұрылым нысандарына, өндіріске, ғылымға, жоғары технологиялық салаларға жеке меншікинвестиция өте аз салынады. Бұл салаларға әдетте батыл бюджет қаржысы бағытталады – олар ел пайдасы үшін деп еш қалдықсыз буға айналады. Біз көптеп азық-түлік импорттаймыз, дайын тауарларды шетелден сатып аламыз, шетелдік білімсіздерді өзімізде білім беруге жиі шақырамыз, біз салған жолдардың ғұмыры бір қыстық қана. Түйрегіш, ұсақ бекітпелер мен шамдардың өзін Қытайдан сатып алып жатқанда, жоғары технологиялар туралы айтудың өзі ыңғайсыз.
Біздегі геологиялық барлау 10-15 жылға кешігіп жатқанда, қорлардың қайта толу көрсеткіші нөлге тең болғанда, шикізатинвестицияларының өзі өндіруге ғана бағытталып жатыр. Қытайдың ықыласты геологиялық барлаушы компаниялары (Қазақстанда ондай құрылымдар белсенді жұмыс істеп жатыр) кеңестік геологтардың көзіне түспей қалған кен орындарын табатынына үміттенеміз. Сонда балаларымызда көршілеріне тамақ пен киімге айырбас үшін сататын БІРДЕҢЕ табылады.
 
Дания корольдігінің иісі қандай?
 
Шетелдіктер де, қазақстандық бизнесмендер де, шенеуніктер де әлемдік деңгейге көтеру үшін ауыл шаруашылығына, жерқойнауын барлауға, ғылымға, білімге, энергетика нысандарына, медицинаға немесе технологияға жеткілікті көлемде өз капиталдарынсалмайды. Біздің азаматтарымызда аталған салаларға қаржы жоқ дегенге ақымақ қана сенбес.
Шетелдік және қазақстандық жекеменшік құрылымдардың жоғарыда атап өтілген проблемалық салаларға инвестиция салуғаасықпайтыны неліктен? Себеп қарапайым – олар республиканың инвестициялық климатына сенбейді. Бизнесмендер көптеген кедергілерге тап болып, ондай климатты көрмейді де. Олар «шап беріп алып, тайып тұруды» талап ететін агрессивті ортаны ғана көреді. Сондықтан көптеген шенеуніктер мен бизнесмендердің туыстары баяғыда шетелге кетіп қалған, ал Қазақстанға вахталық әдіспен – ақша тауып, кейін қайту үшін келеді. Шынын айтсам, егер ол адамдар шикізаттың кезекті сатылымы үшін ұзақ уақыт келмей қалса, бірдеңе болды ма деп күмәндана бастаймын.
Қазақстандық бизнесмендер (шенеуніктер де, бұл екеуін жиі бір санатқа жатқызуға болады) әдетте өз ақшасын шетелдеұстайды. Немесе БАӘ-де, Ұлыбританияда, Швейцарияда, Испанияда жылжымайтын мүлік сатып алып, ол жақта бәрі қымбаттайды, заң бойынша ол жақта (бізде емес) ешкім ештеңені тартып алмайды деп үміттенеді. Осындай активтер мен жылжымайтын мүлікті жаппай сатып алу арқылы олар біздің инвестициялық имиджімізге нұқсан келтіреді.
Бір жолы мен таяушығыстық танысымды Қазақстанда тағам өнімдерінің өндірісіне инвестиция тартуға көндіргім келді. Ол маған «қазақтардың» оның еліне барып, зәулім үйлер, виллалар, яхталар, тіпті шағын пәтерлерді, бір сөзбен айтқанда, көзіне түскеннің бәрін қалай сатып алатынын айтып берді. «Бауырым, сенің жерлестеріңнің қарызға ақша алып, баспананы бізден алатыны неліктен деп ойлайсың? Мен бұл жақта сендердің үш министрлеріңді және губернаторларыңды көрдім, олар үй сатып алды. Сендердің өз азаматтарың елінің болашағына сенбегенде, Қазақстанға қаржы салуға мен қалай көндіре аламын?», -деді ол, ал мен айтар жауап таба алмай қалдым.
Қазақстандықтар Отандарына инвестиция салуға ниет танытқанның өзінде, мұны әдетте қауіпсіздік және құпия сақтаумақсатында оффшорлар арқылы, жеңілдіктері бар компаниялар арқылы жасайды. Аты жоқ инвесторлардың арасынан таныс есімдерді іздеу саясатқа қайшы, денсаулық пен өмір үшін қауіпті. Алайда халқымыз кез-келген кәсіпорынның меншік иесі туралы бәрін біледі.
Қызық көрсеткіш: қазақстандық инвестклиматқа ең аз сенетіндер - оны құрғандар. «Инвестициялық климат» түсінігі оны құрғандар үшін өзіне қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ал климатты қалыптастыруға мемлекеттің әрекеті компьютерлік тұсаукесер мен заң шығару ұсыныстарынан ары бармайды. Инвестициялық климатты күнделікті шара ретінде экономистер ғана қарастырады, алайда олардың үніне ешкім де құлақ аспайды.
Және… дарынды мемлекеттік жастарымыздың стратегиялық жоспарлары шынайы өмірдің қатігездігіне тап болып,жемқорлыққа жұтылып кете береді. Стратегияларды іс жүзіндегі тәжірибең болғанда ғана жазу керек екен, ал бизнес-мектептерде патриотизм оқытылмайды. Ал мемлекеттік қызметтің қатаң ардагерлері капиталдарын, беделдерін сақтап қалуды қалап, зейнеткерлігін Жерорта теңізінің жағалауында өткізуге асығады.
 
Қара маржан мен қара түнек
 
Қазақстанға инвестиция тартумен айналысатын шетелдіктер: «Қазақстан кейбіреулер үшін қара маржан сияқты: ол туралыешкім білмейді, көргендер аз, бірақ Қазақстанда сәтті жоба тапқан адам бір сәтте байып шыға келеді», деп жиі айтады. Басқалар: «Сіздің республика қаржы мен күшті сорып алатын қара түнек сияқты. Біз Қазақстан туралы мұнай, металл, жобалар Клондайкы дегенді жиі естідік, ал көптеген жылдар бойы нарықты бақыласақ та, перспектива көрмей отырмыз».
Қазақстанға қаржы салуға ниет танытқан орташа статистикалық инвестор әдетте Сахараға түсіп қалған солтүстік аңшығаұқсайды. Бір қарағанда, ағаш та жоқ, аң да жоқ, ал алып сарайлар сағымы оны өле-өлгенше алдайды.
Егер ол таза (біршама) заңды табыс деген ұстатпас аңды қоректендіріп, ізіне түсіп, ұстап алуды сілтеп жіберетін жергіліктіпысық «бедуинге» кездессе осылай болады. Ол кейін олжа жергілікті жыртқыштарға бұйырмас үшін оны қауіпсіз жерге алып шығудың жолын да нұсқап жібереді. Жергілікті ұсақ фауна жәндіктермен, ірі тайпаластарының үстелінен қалған қалдықтармен қоректенеді.
 
Ақсақ инвестклимат
 
Республиканың инвестициялық иммиджі – ол өзінше жалпыхалықтық құрылыс, біздің ортақ ісіміз, немесе басқаша сөзбенайтсақ - cosa nostra. Әлемдік нарықта бос ақшаларға деген тынымсыз «аңшылық» - Қазақстанның прогрессін қаржыландыру мақсатында жасалады. Себебі әлемнің барлығы білсін – Қазақстанның кез келген саласына салу ол тиімді және көрегенділік. Шынымды айтсам – онсыз да айқын нәрселер туралы жазу күлкілі. Бірақ ол біздің елдің инвестклиматының архитекторларына белгісіз болса не істейін? 
Ал Қазақстанға деген тек шикізаттық инвестицияның артып отыруының себебі - біздің айбынды мемлекеттік құрылымдардыңжасап отырған иммиджіне байланысты. Қазақстан әдетте халықаралық БАҚ-тарда өңделуі өте төмен шикізатты шығарушы ретінде сипатталады. Және мен кездестірген шетелдік кәсіпкерлердің 90%-ы Қазақстанда тек мұнай мен металлға алуға болады деп сенеді. Біздің иммиджіміздің әртараптылығы үшін тек президент Назарбаев жаны ашитындай әсер қалады. Әрине, оған қоса, Гога Ашкенази мен Әли Джи де бар сияқты.
Бізде жоқ нәрселер:
Инвестициялық климатқа ұйымдастырушылықпен келу;
- жергілікті инвесторлармен жұмыс істеу. Біздің кәсіпкерлер көп жағдайда жалпы сипатты біле бермейді, олар үшін қандай да стратегиялық маңызды салаларға инвестициялар бойынша ынталандыру жоқ
– салықтық жеңілдіктер түріндегі немесе қарджылық жеңілдіктер – кредиттердің мөлшерлемесін төмендету бойыншажеңілдіктер жоқ. Қолданыстағы ынталандыруды іс жүзінде алып болмайды; 
- шетелдік инвесторлармен жұмыс. Тіл шектеулері әсер етеді, экономикалық өкілдіктердің әлсіздігі, елдегі жалпы жағдайдың жабықтығы, жемқорлық;
- республиканың дамуы туралы нақты көзқарас қалыптаспаған. Біз стратегиялық жоспарымызды тұрақты түрде өзгертіп отырамыз. Сондықтан біздің өзіміз одан шатасып жатқанда – шетелдіктер не ұқсын?
- визалық жағдай нашар. Қазақстан визасын алу қымбат, біздің ел сияқты дамушы ел үшін тым қымбат;
- өкілдіктер мен дипмиссияларда инвестициялық жұмыс жүргізілмейді. Дипломаттар «элита» мен олардың туыстарын алып жүрумен жүктелген және қандай да мемлекетпен қарым-қатынасының перспективасын әр кез дұрыс түсіне бермейді;
- шенеуніктермен кездесу өте қиын. Ал олармен шетелдік және жергілікті инвесторлар жоба алдында  кездескісі келеді, себебі барлығы да бірінші басшыға байланысты екенін түсінеді;
- және тағы да басқа көптеген себептер бар.
Алматы көшелерінде мен әр кез Түркияға келуге шақырған бояулы жарнаманы көремін.  Менің бір де танысым, не менің өзім шет елде жүріп, Қазақстанға келуге шақырған жарнамаларды көрген емеспін. Кейде шетелдік басылымдарда біз туралы – шикізаты көп, 130 ұлт тұрады, Еуропа мен Азияның тоғысқан дерінде орналасқан, әлемнің кіндігі деген сияқты сүреңсіз ғана мақала басылады. Бірақ бір жерде де инвесторлар біздің қызыл сөзімізді біз үшін де пайдамен, өздері үшін де ақшаға қалай айналдыра алатындығы туралы жазылмайды.
Ел туралы мағлұматтың жеткіліксіздігі, оның кез келген саладағы мүмкіндіктері туралы қарама-қайшы мәліметтер, оныңішінде жер қойнауын пайдалану туралы да мәліметтер тапшылығы шет тілдегі ресми ақпараттардың жоқтығымен тереңдей түседі.Неліктен біздің СІМ жақсы көретін Борат Сағадиев осыншама беделге ие? Себебі ол ағылшынша жақсы сөйлейді және ол туралы интернетте жазады.
Ал қазақстандық мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардың және инвестициялық агенттіктердің сайттары көпжағдайда бұлыңғыр. Сайттардың қазақша және ағылшынша нұсқалары – не олар мүлдем жоқ, не олар тіл білетіндер үшін қол жетімсіз. Басқа тілде ешқандай ресми ақпарат та жоқ. Еске сала кетсем, мен жарты жыл бұрын «Қазинвест» сайтында (www.kazinvest.kz) сараптамалық шолу бұрынғысынша 16 жыл бұрынғы (1994 жылғы) күйінде тұр деп жазғанмын, ал бас бетіндегі жаңалық 21010 жылғы сәуірімен аяқталған. Осы мақаланы жазу кезіне де ешнәрсе өзгермепті. Басқа сайттар туралы айтудың өзі көңілсіз: президенттің сайты мен министрліктердің сайттарында да қателіктер толып жатыр.
Біздің заңнама тек орысша тілде ғана қол жетерлік және кей жағдайда қазақша нұсқасына да қол жеткізуге болады – сондықтаншетелдік инвесторлар үшін, мейлі ол тіпті бірнеше тіл білсе де, Қазақстан заңнама саласы - ішінде «бүжейлері қаптаған қараңғыорман». Ал біздің ресми сайттарда ел туралы кез келген ақпаратты тапқан жақсы болар еді. Қатесіз, қарапайым да түсінікті тілмен, кем дегенде 5-6 тілде жазылған ақпаратты.
Қазақстандық виза тым қымбаттығы туралы бірнеше рет жазлыған. Инвестицияларды тартудың форпосты қызметін атқаратын біздің елшіліктің жұмыстары туралы да айту қиын. Көп жағдайда біздің дипломаттар депутаттар мен министрлердің және олардың туыстарының гидтері қызметін атқарады – оларда елге капитал тартуға уақыты да жоқ. 
Ал біздің елшіліктерден шетелдік кәсіпкерлер өздері үшін Қазақстанды ашуларын сұрайды ғой. Сондықтан елге жаны ашитын кейбір дипломаттар инвесторларды Қазақстанда жұмыс істейтін өздерінің туыстарына жібереді. Ал біздің экономикалық елшілердің жұмысының нәтижесі құпияландырылып тастағанына және ол статистикалық шолуды әзірлеушілер мен президент үшін есеп дайындаушыларға ғана ашық екеніне сенімдімін.
Ал өз бетімен Қазақстанға келген инесторлар үшін осы жердің өзінде ақпаратты табу өте қиын. Ел мұқтаждығын білу үшін жергілікті әкімшілікке кірудің өзі тым қиын мәселеге айналады. Ал қазақстандық шенеунікпен кездесу көп жағдайда аз шығын болмайды. Мен шенеуніктер кездесу үшін садақы алмайды дегенге сенемін, бірақ мұнымен көп жағдайда олардың көмекшілері мен туыстары «ауырады». Бұл ретте кейбр инвесторлар (қытайлық және кореялық) дамушы елдердегі ақылы кездесулер көп жағдайда ең нәтижелі екенін түсінеді. Себебі кездесуге ақы төлеу арқылы ол өзінің ниетінің салмақты екенін айғақтайды. Инвесторлардың тағы бір проблемасы жобаны өзі танысып, достасқан шенеунікпен аяқтау. Себебі келесісі ондай тамаша адам болмауы мүмкін. Ведомство мен өңірлердің басымдықтары көп жағдайда стратегиялық бағдарламаларға тәуелді емес, бірінші басшылардың ойлау қабілетіне тәуелді болып келеді.
Инвесторлар үшін туындайтын барлық бағдарламаларды санап шығу қиын: олар ондаған емес, жүздеген болуы мүмкін. Көп жағдайларда олар инвесторлардың негізгі көпшілігінің алдында алынбас қамал сияқты болып тұрады.
 
Аяқ астында ақша, алдыда шыңырау
 
Әлемде кез келген уақытта бірнеше ондаған миллиард доллар еркін ақша бар екені менсіз де анық. Олар керек жұмысқа салынғысы келіп тұрады, ал олардың иелері журналдар мен газеттердің бизнес-топтамаларына үңіледі.  Таң қаларлығы дағдарыс кезеңінде осындай ақша саны арта түсті: адамдар ақшаларын сақтап және аздап болса да көбейтерлік «темірдей» жолдарды іздеді.
Біз олардың аздаған бөлігін тартуға қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз ба? Жоқ, біз ешнәрсе де істеп отырған жоқпыз. Тәуелсіздігімізге жиырма жыл, мұнай, металл, астық бағасының қымбат болған 5-7 жылы болмаса, бізге әлі қалай дамығымыз келетініміз беймәлім. Мұнай сатамыз ба, металл сатамыз ба, жер сатамыз ба.
Тәжірибе көрсеткендей, бүкіл әлемдік инвестициялық стратегиялар компьютерлік ойыншық болып қалып отыр. Қаншалықты аянышты болмасын, бірақ қазіргі инвестклиматпен тек біздің жер қойнауына ғана инвестиция салу тиімді. Жақында біз КСРО кезінде барланған барлық ресурстарды сатамыз. Ал бізде тек шикізат өндіріледі. Ең асқанда біздің сататынымыз – мұнай, сым темір, құймалар мен кесек темірлер. Бұл біздің өнеркәсібіміздің деңгейі.
Сол кәрістердің өзі бізден мұнай сатып алып, бізге мұнай өнімдерін сатады. Қағаз жүзіндегі уәделерге қарамай бізде ешкім де терефталилі қышқыл немесет қалыпты полипропилен өндірмейді. Сондықтан бинес-климаттың мұндай деңгейімен біздің белсенділерге ресми түрде мұнайхимиялық зауыт ашудың орнына, заңсыз МӨЗ-дер ашу оңай. Немесе Қытайда не басқа елдерден активтерді сатып алады, себебі өз еліндегі жағдайдың болжап болмайтындығына олар сенімді. Мен олардың қаражатын Қазақстаннан тыс жаққа белсенді түрде алып кетуіне басқа себеп ойлап таба алмаймын.
Қазақстандық миллиардердер Ұлыбританияның, БАӘ, Ресей, Қытай мен Шығыс еуропаның инвестицииялық ахуалын жақсартып жатыр.
Ал сол ақшалар біздің елді мұнай, металлдық қоймадан әлеуметтік елге айналдыра алған болар еді де, қазақстандықтартәуелсіздігін кездейсоқ, қателікпен алмағанын, керісінше толығымен заңды алғанын көрсеткен болар еді. Себебі инвестициялық тартымдылық пен нарықтың дамуы – қазақстандық патриотизмнің сезінерлік тұсы. Ол біз өзіміздің елімізде қаржыны қайда салатындығымызды білетіндігіміздің, және шикізаттан түскен қаражатты соқыр түрде шетелге тәуелсіздігімізді жоғалтқанша шығара бермейтіндігіміздің көрсеткіші.