Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
13:27

Рақым Ошақбаев: Бюджет бизнесті субсидиялауы немесе несиелендіруі тиісті емес

24 Февраля 2017 Алматы. 22 ақпан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Мемлекеттің бизнес-жобаларды қаржыландыруы тиімсіз және жымқырулармен ұштасып, жеке кәсіпкерлік алаңын тарылтады, деп мәлім етті «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының жетекшісі Рақым Ошақбаев. Ол елдегі көптеген проблемаларды, оның ішінде жұмыссыздықты тек жеке бизнес қана шеше алатынына сенімді. Бірақ экономист қазір бизнес өте ауыр халді бастан кешіп отырғанына сенімді және экономикадағы мемлекеттің рөлі қандай болуы керектігімен ой бөліседі.


- Рақым Сәкенұлы, Сіз Қазақстандағы іскерлік белсенділіктің төмендегені туралы айтып отырсыз. Әлбетте жаһандық дағдарыспен қатар бұл төмендеуде ұлттық ерекшеліктер де бар шығар?


- Меніңше, ешкім де байқамай қалған, бизнес-климаттың эрозиясы орын алғандай. Нақты айтқанда, салық бойынша құқық қолдану тәжірибесінде. Біз оны экономикалық белсенділіктің азайғанына қарамастан, салық жинаудың артып отырғанын, сотқа дейін жетпей қалғанымен, экономикалық құқық бұзушылық бойынша қозғалып отырған қылмыстық істердің артып отырғанынан көріп отырмыз. Олар неге қозғалады және неліктен құқықтық салдары болмай қалды? Бұл жерде сыбайлас жемқорлықсыз болмаған шығар деймін. Дәл осы салық пен сыбайлас жемқорлық рента арқылы шағын және орта бизнестен (ШОБ) едәуір қаражат алынады.
Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық қорғалмағаны туралы да айтуымызға болады. Мысалыға бас прокуратураның тергеу тобының Қарағанды облысындағы жұмысын айтсақ болады – онда 10 ақпанда қадағалау органының көшпелі отырысы өтіп, онда заңсыздық пен басымен кетушіліктің көптеген деректері айтылды. Мысалы, 2016 жылы жүргізілген салықтық тексерулердің 60%-дан астамы нәтижесіз болып шыққан. Жалған кәсіпкерлік жөніндегі қозғалған 437 істің тек 7-еуі сотқа берілген, салық төлемеушілік туралы 437 қылмыстық істің тек 4-еуі сотқа дейін жеткен. Мұндай өқиғалар басқа да өңірлерде бар деп ойлаймын, олар елдегі кәсіпкерліктің дамуына елеулі кедергі келтіреді деп ойлаймын.
Әрине, осындай жағдайда ШОБ нысандарының қысқаруы заңды да, 2016 жылы олардың саны 104 мыңға қысқарды, ол жалпы санының 8%-ы, айтарлықтай цифр.


- Осының барлығы халық кірісіне әсерін тигізеді деп айтуға бола ма? Және бұл жерде жұмыс орындарының қысқаруы мен бюджетке түсетін салық түсімдері қысқарады деуге бола ма?


- Теріс әсер халық кірісіне әсер етеді. Біздің салық базамыз, өкінішке қарай ма, әлде бағымызға қарай ма, біркелкі емес: шамамен 400 кәсіпорын салық есебінен бюджеттің 70%-ын қалыптастырады, ал бізде 1,5 млн кәсіпкерлік нысаны бар.
Егер климаттың эрозиясы туралы айтатын болсақ, бізде мемлекеттің экономикаға араласуы бойынша жария етілген реформа тығырыққа тіреліп отыр, тіпті керісінше, квазимемсектордың экономикадағы активтері мен белсенділігі артып келеді. Аса ірі үш мемхолдингтің активтері 2011 жылғы 15,5 трлн теңгеден 2016 жылы рекордық 27 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл цифрдың масштабын түсіну үшін мынаған қараңыз – ол бүкіл банк секторының активтерінен көп және Қазақстан ЖІӨ-нің 61,2%-ын құрайды.


- Мемлекеттің экономикаға араласуының несі жаман?


- Оның бизнес үшін алаңды тарылтатынымен. Мемлекетпен бәсекелесуге болмайды, оның ресурстары мүлдем басқаша. Мемкәсіпорын бюджеттен және Ұлттық қордан нарықтық емес қор алады, өздеріне кадрларды тартады, жалақы деңгейін нарыққа сай емес түрде көтеріп, қысым жасайды, сөйтіп жеке секторды үздік еңбек ресурстарынан арылтады. Мемхолдингтің барлығы жеке инвестицияны тұншықтырады. Мемхолдингтерді формальды түрде игілікті мақсаттарда қаржыландыру шын мәнісінде бюджет шығындарын күмпитуге, салық алымдарын көтеруге әкеледі және шын мәнісінде маңызды – білім, медицина, инфрақұрылым секілді шығын баптарын қаржыландыруға мүмкіндік бермейді.
Біз ШОБ-қа салық салмағын көтеру туралы бастаманы қуана қабылданып жататынын көрудеміз. Бірақ бұл ретте бюджет шығындары соңғы 5 жылда 93%-ға артып, ол экономиканың нақты өсу қарқынынан едәуір артық. Осындай жағдайда бизнес қызметін кеңейтпеуге бейім болады, оның үстіне тұтыну сұранысы төмендеп отырғаны - айдан анық.
Үкімет бүгіндері бюджет кірістерін басымдық деп танып отыр, ал шығындарын еш қысқартқысы жоқ. Тек 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда шығындардың артуы 31% құрайды.



- Бірақ, бұл ретте шығындардың қандай баптар бойынша артып отырғанын ескеру керек қой. Және егер ол әлеуметтік бағдарламалар болатын болса, онда бизнеспен айналысатындар ондай шараларды тек қуана қарсы алар еді...



- Мәселе сонда ғой, шығындардың едәуір бөлігі мүлдем инклюзивті емес, яғни, ол шығындар халық кірісінің өсуіне өте әлсіз әсер ететіндігінде. Қаражат «әлеуметке» бармайды. Керісінше, әлеуметтік бағдарламалар, бірінші кезекте, білім беру, өте елеулі түрде аз қаржыландырылады. Қаражат квазимемсектор арқылы бағдарламаларды қаржыландыруға кетеді. Сондай-ақ, атап айтқанда, 2,1 трлн теңге қайтадан банктерді құтқаруға жарату жоспарлануда.


- Бірақ қосымша кірістердің бір бөлігі зейнетақылық жүйеге және медициналық сақтандыруға кетеді. Тағы да қарапайым халық ондай салықты қолдай алады.


- Күмәнданам. Ол салық салмағының артуына соқтырып, кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне, жұмыс орындарының қысқаруына, «сұр» сектор деп аталатындардың артуына әкеледі.
Алдыңғы экономика министрі шығындарды емес, кірістерді талқылауға шақыратын, яғни кірістерді арттыру керектігін. Бизнес болса, салық салмағы мен қарыздың артып отырғанын, себебі шығын толассыз артып отырғанына қарсы болып, оның өндірісі жоқ бөлігін қысқарту керек деді. Атап айтқанда, біз 2017 жылғы бюджеттің алдыңғы нұсқасына талдама жасадық та онда экономиканың 600 млрд теңге әлеуетінің барлығын байқадық, яғни ол шығындағы ескермеуге де болатын бөлігі. Оны салық салмағын азайтумен «айырбастауға» да болар еді, және ол бизнес пен осы секторда жұмыс жасайтын қазақстандықтарды қолдауға мүмкіндік берер еді. Ол біздің орталық 2016 жылғы маусымда ұсынған салық айласы еді.


-Сіз бизнеске көрсетілген қысым жұмыссыздықтың артуына алып келеді деген болатынсыз, бірақ оның пайызы Қазақстанда тіпті дағдарыс жағдайында да төмендеп отыр және 2016 жылдың қорытындысы бойынша да 5% деңгейінде белгіленген. Сіз осы сандарға сенесіз бе?


 
- Бізде қазір статистика бойынша көрсетіліп жатқан сандар тек ведомстволарда қабылданған ресми әдістеме тұрғысынан ғана объективті болып саналуы мүмкін. Біз тек ресми бөлігіне ғана емес, Қазақстанның еңбек нарығындағы экономикалық мазмұнына көз жүгіртіп, мәселен өз-өздерін жұмыспен қамтығандар немен айналысып жатқанын түсінуге тырысамыз. Өздерін өнімді түрде жұмыспен қамтыған деп аталған 1,9 млн адам немен айналысып жатыр және олардың кірісі қандай? Ал енді еңбекке қабілетті жастағы, бірақ «басқа себептер» бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді еместерге жататын және 2016 жылы күтпеген жерден 257 мың адамға өскен 400 мың адам дегеніміз кімдер? Жұмыссыздар саны көп болмас үшін, осы топқа шынымен жұмыссыздарды да қосып жіберген жоқ па екен?

- Айтпақшы, «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» – отандық өнертапқыштар ма?

- Жоқ, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар анықтамасында еңбек министрлігі халықаралық еңбек ұжымының ұсынысына сілтеме жасайды. Бірақ, ережеге сәйкес, әлемде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға кәсіпкерлерді, құрылтайшылар мен компания акционерлерін, фрилансерлерді және т.б. жатқызады. Және олардың кірістері жалдамалы жұмысшылар кірісіне пара-пар тіпті кейде одан да жоғары. Ал бізде егер адам күніне бір сағатын кіріс табуға арнаса, шартты түрде ауласында бақшасы болса, мал ұстаса онда оны өз-өзін жұмыспен қамтығандарға жатқызады. Алайда шын мәнісінде бұл адамдардың кірістері төмен. Өз-өзін жұмыспен қамтыған деп аталғандардың 97%-ның кірісі елдегі орташа жалақыдан төмен, 60% -ның кірісі 60 мың теңгеден аз.

- Білуімізше, біздің ел де өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың кірісін көтеруге талпынуда- жаппай кәсіпкерлік мембағдарламасы әзірленді. Сіздің орталық оған талдау жасады. Ол шынымен де жағдайды құтқара ма?

- Бұл бағдарлама авторлардың айтуынша 550 мың адамнан тұратын мақсатты топты құрайды, олар - кірісі 60 мыңнан төмен 15-44 жас аралығындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар. Бағдарлама бойынша жеке кәсіпкерлік негіздеріне оқытады, бітіріп шыққандарға өз ісін бастау үшін 37 мың шағын несие беріледі. Нәтижесінде – 2025 жылы 500 мың жаңа кәсіпкер шығуы керек.
Біздің көзімізге не күйік болып тұр? Болжам бойынша жұмыссыздардың 90%-ы бизнеспен айналысады. Біз жұмыссыдар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың кәсіпкерлік қызметке бейімі жоғары, тек олар белгілі бір курстардан өтсе болады дегенге күдігіміз бар. Адамдар өздеріне жұмыс таба алмай жүр, ал мұнда олар басқаларға жұмыс орындарын ашады деп болжануда. Оның үстіне күдігімізді растайтын мәліметтер де бар. 2016 жылдың ІІІ тоқсанында статистика комитеті жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмыс іздестіруді зерттеді – респонденттердің 1% төмені ғана ресурстар іздеп, өз ісін ашу үшін кредит алуға өтініш берген, тек 15% -ы жаңа кәсіпке оқуға тілек білдірген.
Біздің орталық есебінше, 2030 жылға қарай 500 мың кәсіпкер емес, кем дегенде 1,5 млн жаңа жұмыс орнын құру керек. Президент Қазақстанды ЭЫДҰ елдеріне жақындату міндетін қойды. Біз бұл ең болмағанда жұмыссыздар санын қысқарту арқылы болса да қаншалықты орындалуы мүмкін екенін түсінуге тырыстық.
1991-2001 жылдар аралығында көрінген демографиялық ойық салдарынан экономикалық белсенді тұрғындар санының өсімі онша көп болмайды – біздің есептеуімізше, ҚР-да экономикалық белсенді халық саны 9,7 млн адам болады. Ал ЭЫДҰ елдеріндегідей 82% жұмысбастылық деңгейіне жету үшін бізге 8 млн жұмыспен қамтылғандар керек. Егер бізде қазір бар жұмыс орындары қысқармайды деп болжасақ, бізге тағы 1,5 мың жұмыс орнын құру керек. Егер мемлекет салықпен, негізсіз қылмыстық тексерулермен, өзінің экономкаидағы үлесін арттырып, бизнесті қыспаққа алмайтын болса, ол бірінші скрипканың рөлін ойнауы тиіс.


- Сіздің ұсынысыңыз – мемлекет бизнеспен айналыспауы керек пе?


- Бұл мәңгілік проблема, шынын айтқанда: кәсіпкерлікті субсидия мен квазисектор арқылы «қолмен жасау» әдісімен қолдап отыру. Мен оның мүлдем тиімсіздігіне сенімдімін, керісінше, зиянды.
Осыған байланысты танымал теориялық дау бар. Бір жағынан мемлекетшілер әлемде бір де ауқымды жаңғырту бағдарламасы мемлекетсіз жүзеге аспайды дейді. Бірақ біз мынаны ескермейміз: бізде институционалдық ортамыз өте әлсіз піспеген. Және біз көріп отырғандай, қандай болмасын игі мақсатты қоймасақ та және оған қандай да ұлттық компанияны құрмасақ та, әдетте, оның барлығы тиімсіздікпен және жымқырулармен аяқталады. Себебі бізде алдыға қойылған мақсаттардың орындалуын лайықты түрде тексеріп отыратын институттар жоқ.
Осындай жағдайда мемкәсіпорын тиімсіз екендігі айдан анық. Сондықтан мемлекет айналысуы керек нәрсемен – қоғамдық игілікпен айналысуы керек: медицинамен, инфрақұрылыммен, қорғаныспен, құқықтық тәртіпті қолдаумен. Бірақ бірінші кезекте - білім берумен, себебі ол бізде өте аз қаржыландырылған.


- Сіз білімге жеткіліксіз қаржы бөлу мен экономика жағдайының арасындағы байланысты көріп отырсыз ба?


- Егер біз бизнестің бәсекеге қабілеттілігі туралы айтатын болсақ, оның негізгі факторы еңбек ресурстарының сапасының жоғарылығы болып табылады. Егер олқылық мектепте кеткен болса, оның орнын колледж бен ЖОО-да толықтыру мүмкін емес. Оның үстіне жақын келешекте мектептерге баратындар саны күрт артады – 2020 жылға қарай бізде бүгінгі оқушылардан 700 мың бала артық оқитын болады. Ал мұғалімдердің жалақысы экономиканың барлық саласынан аз болғандықтан ешкім мектепке барғысы келмейді, 2020 жылға қарай педагогикалық кадрлар тапшылығы 60 мың адам болады. Ол аз десеңіз, бүгіндері педагогикалық ЖОО-ларға ешқайда түсе алмағандар барады, себебі онда ҰБТ-ның өтетін баллы ең азы – бар болғаны 70 балл жеткілікті. Осындай жағдайда базалық білім сапасы туралы айтудың өзі өте күрделі.


- Бірақ бұл жерде де бірқатар қарама-қайшылықтар бар. Бір жағынан мұғалімдердің кәсіби деңгейі төмен болатын болса, олардың жалақысын арттырудың қажеті бар ма? Екінші жағынан, тек жақсы жалақы ғана мектептерге кәсіби білікті мамандарды тарта алады...


- Мен мектептерге сапалы еңбек ресуртары мұғалімдікке барулары үшін нақты экономикалық ынталандыру болуы керектігіне сенімдімін. Бізде педагогикалық білімдері барлар көп, бірақ олар мұғалімдікке бармайды. Мұғалім бола алатын кәсіби біліктілігі жоғары, бірақ педагогикалық білімі жоқтар да бар, бірақ олар да жалақы төмендігінен мектептерге барғысы келмейді. Бүгіндері мақсатты түрде педагог болғысы келетіндер өте аз. Екінші жағынан педагог мамандығы өте қызықты. Егер онда жалақы экономиканың басқа да салаларындағыдай жоғары болатын болса, мектепке өздерін педагогпын дегендер барушы еді, тіпті ер азаматтар да барушы еді. Осы саладағы жағдайды өзгерту – мемлекет міндеті.


- Сұхбатыңызға рақмет!

Серіктестер