Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:28

Үміт Шаяхметова: Мемлекет банк секторын сауықтыруға деп бөліп отырған сома өзгеруі мүмкін

16 Марта 2017 Алматы. 14 наурыз. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Қаржыгер жұртшылықтың назарында банк секторын мемлекеттік қолдау және «Қазкоммерцбанк» (ҚКБ) акцияларын Қазақстан Халық банкінің сатып алу бойынша орын алуы мүмкін мәміле. Және де ол мәміленің салдары бүкіл банк секторына қалай ықпал етері беймәлім.
Мемлекет тарапынан банк секторын қолдау және ҚКБ акцияларын «Халық банкі» сатып алуы қаншалықты тиімді екендігін біз ҚХБ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметовадан айтып беруін сұрадық.


- Үміт Болатханқызы, мемлекет банк секторын сауықтыруға Проблемалық несиелер қоры арқылы Т2,1 трлн қаржы бөліп отыр. Сіздіңше, осы шара қаншалықты өзін ақтайды?


- Бүгіндері үкімет пен Ұлттық банк банк секторы үшін жасап отырғандары - ол ерлік, себебі осындай қадамдарға бару – ол өздеріне үлкен жауапкершілік алу деген сөз. Бірақ оны бұдан бұрын, 2010-шы, 2011 және 2012-ші жылдары жасау керек еді. Сол кездің өзінде қордаланған проблемаларды түсініп, мойындап және шешу керек еді. Жекелеген еуропалық елдердің, айталық Исландияның тәжірибесіне қарасақ, олар дер кезінде банк секторындағы проблемаларды мойындап, шешкен еді, біз де алға жылжитын едік.
Өкінішке қарай, біз басқаша ойлап, ол проблемалар өздігінен жоқ боп кетер деп ойладық. Бірақ олай болмай шықты, десек те олай деп ойлауға негіз бар еді: мұнай бағасы 2008 жыл соңында құлаған соң, қайтадан көтерілді, банкирлерге де, заем алушыларға да көмектескен көптеген мембағдарламалар болды.
Дегенмен мен осындай жауапкершілігі мол қадамға барып отырған үкіметтің де, Ұлттық банктің де алдында тағзым етемін.



- Мемлекеттік осы қолдау жылдап қордаланған банк жүйесіндегі проблемаларға қаншалықты барабар?


- Ол толығымен барабар, себебі банк секторын бүгін сауықтыру керектігі де айдан анық және егер олай жасамаса салдары қандай болатындығы да айдан анық. Ал мемлекет банктерді қолдауға деп бағыттап отырған сома толығымен бар проблемалар деңгейіне сай келеді. Бәлкім ол тағы өзгеретін де шығар.
Бұл мәселеге айқындықты Қазкомға жүргізіліп жатқан due diligence нәтижесі көрсетуі тиісті. Және содан кейін ақтық соманы айтуға болады. Бұл ретте Қазкомның нарықтағы үлесі 19%, ал БТА - 16% екенін ұмытпау керек.


- «Халық банкінің» ҚКБ-мен мәміле жасау мүмкіндігі туралы айтайықшы. Ол дегеніңіз осы банктер бірігеді дегенді білдіре ме? Әлде ол ҚХБ-нің Қазком акцияларын сатып алуын білдіре ме?


- Заң тұрғысынан ол мәміле акцияларды сатып алуды ғана білдіреді. Яғни ол банктердің қосылуын білдірмейді. Ал бірігуі дегеніміз өте күрделі процедура. Яғни, алғашқы қадам - ол акцияларды сатып алу, тек содан соң ғана біз алдағы стратегияны әзірлейміз.


- Ал сатып алу Қазкомның акциялар пакетінің бақылау пакетін сатып алу деген сөз ба?

- Иә.

- Қазкомның Due diligence-сін тәуелсіз түрде Халық банк те, реттеуші де жүргізіп жатыр. Ол мәміле бағасы туралы қарама қайшылық бар дегенді аңғартады деп есептеуге бола ма?


- Ол банктің қаржылық мән-жайын тәуелсіз бірнеше бағалау болсын дегенді аңғартады. Реттеушіде өзінің тәуелсіз бағасы болуы керек, және ол due diligence жүргізу үшін өзінің басқа аудиторын таңдады. Біз де «Халық банкті» де Қазкомды да аудит жасамаған аудиторды жалдадық.
Яғни бізге үшінші тараптың пікірі мен бағасы керек, себебі мәміле ашық болуы тиісті. Әрине, ол жүзеге асырылған соң, оның егжей-тегжейі Қазақстан ішінде де, біздің инвесторларымыз бен рейтингтік агенттіктеріміз үшін де ашық болады. Бәлкім, Ұлттық банк аудиторы мен ҚХБ жалдаған аудиторлардың бағалары ұқсас та болуы мүмкін.


- Қазір мұнай бағасы қайтадан арзандау бағытында. Егер ол қайтадан $50-ден арзандаса, оның банк секторына ықпалы қандай болады?



- Меніңше, ең нашар кезеңдер артта қалды, себебі банктер мұнай бағасы барреліне $40 және одан да төмен болған кездерін, ал доллар бағамы 360 және 380 теңге болған кездерін бастан кешті емес пе? Банкирлер оған үйреніп те қалды, ондай жағдайларда жұмыс істеп, тәжірибе жинап. Оған қоса, соңғы жылдары банктердің кредиттік портфелі түк те өскен жоқ, ал доллармен есептегенде тіпті сығылып та қалды. Бұл ретте банктер, әдетте келешекте нашарлап кетуі мүмкін кредиттерді бермеді. Сондықтан мен банк секторындағы жағдай нашарлайды деп күтпеймін.
Қордаланған проблемаларды толық шешу де мүмкін емес, атап айтқанда жалпы банк секторын қосымша капиталдандыру арқылы. Егер «Халық банкі» мен жекелеген басқа банктер осы тұрғыдан өздерін жақсы сезінетін болса, ал нарықтағы басқа қатысушылар қосымша капитал құйғанға мұқтаж. Бұл жалпы банк секторының шоғырлана түсуіне ықпал етерлік тағы бір фактор.
Егер жалпы айтатын болсақ, банк секторын сауықтыру керек, және олай жасамайтын болсаңыз, онда қазақстандық банктер, сонымен қатар экономика да Жапонияның теріс тәжірибесін қайталайтын болады, яғни ұзақ мерзімге стагнацияға ұрынады.


- Ұлттық банк теңге мен доллар жұбының бағамы бойынша биылға қандай болжам айтар екен?


- Біз доллар бағамы 310-340 арасында болады деп күтудеміз.


- Ал банктерді мемлекеттік қолдау теңге бағамына ықпал етер ме екен, себебі осы мақсатқа деп бөлінетін айтарлықтай қаражат Ұлттық қордан доллармен алынады емес пе?



- Айырбас бағамына ол ешқандай ықпал етпейді. Банк секторын сауықтыруға деп бөлінетін өтімділіктің барлығы бірдей нарыққа келмейді. Болжам бойынша, олардың елеулі бөлігі ең алдымен Ұлттық банк алдындағы міндеттерді өтеуге бағытталады.



- Биылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс істемейтін кредиттерді бағалаудың жаңа халықаралық стандарты күшіне енді, ол бойынша қайта құрылымданған займдар да солардың қатарына жатады. Сол себептен Қазақстан банк секторында нашар кредиттер үлесі қаншалықты артар екен?



- Ол әбден мүмкін, бірақ жаңа стандарттардың енгізуінен біз өзіміздің банктен онша айтарлықтай әсер көріп отырған жоқпыз. Ал басқа банктердегі жағдай туралы мен айта алмаймын. Бірақ жұмыс жасама тұрған займдар үлесі сектор бойынша 1-2%-ға артуы мүмкін.



- Ал ол жекелеген банк капиталына қосымша қысым көрсете ала ма?


- Иә. Бірақ бүгіндері банктердің көбі онсыз да капитал бойынша пруденциалды нормативтер шегінде тұр. Бірақ біз жекелеген акционерлер капиталға қосымша қаржы құйып отырғанын ал кейбіреулері құймақшы екендігін көріп отырмыз. Және ол жақсы сигнал.


- Сұхбатыңызға рақмет!

Серіктестер