Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
12:57

Үміт Шаяхметова: Жекелеген банктердегі жағдай бұрынғыдан да нашарлау мүмкіндігін теріске шығаруға болмайды

18 Мая 2017 Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Жаһандық дағдарыстан бергі өткен 10 жыл бойына Қазақстанның банк секторындағы сол дағдарыстан туындаған проблемалардың көпшілігі сол күйінде шешімін таппады.
Банк секторының келешегі туралы және ол сектор қандай күтпеген нәрселерді күтіп тұрғаны туралы біз Қазақстан Халық банкі басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметовадан айтып беруін сұрадық.


- Үміт Болатханқызы, банк секторындағы жағдай күрделі болып қалып отыр. Кейбір банктер дефолтқа жол берді, сіздің банкіңіз Қазкомның бақылау пакетін сатып алу туралы келіссөздерді бастады, жекелеген ЕДБ-лер үшін капитал жетіспеушілігінің проблемасы туындады. Жекелеген банктерде жағдай бұдан да нашарлайды деп күтуге бола ма? Жаңадан дефолт туындауының ықтималдығы қаншалықты жоғары?


- Иә, кейбір банктердегі жағдай бұдан да нашарлауы мүмкін. Әсіресе ол орташа және ұсақ банктерге қатысты. Бірақ дефолт – шектен тыс шара. Алдымен меніңше, банктер шоғырлануға тырысады. Және біз «Цеснабанк» пен «Банк ЦентрКредит», «Tengri bank пен Capital bank» - терден басқа тағы екі банк шоғырланбақшы екенін көріп отырмыз.
Шоғырлануға деген ұмтылыс банктердің капиталдану көрсеткішін жақсартуға және жалпы қаржылық жағдайын жақсартуға деген ұмтылысынан туындап отыр. Бірлесе күн көру әр кез жеңіл болған.


- Ал сіз реттеушінің банктерді сауықтыру шараларын, атап айтқанда капиталдандырусыз бойынша шараларын қалай бағалайсыз?


- Әзірге біз ешқандай нақтылықты көрмедік. Талқылау жүріп жатыр. Және де әр түрлі тетіктер талқылануда, оның ішінде субсидияланған займдар беру де бар. Сіз реттеушінің акционердің салған әр теңгесі үшін екі теңге салатындығы туралы уәдесін естіген боларсыз. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Және оған қандай банктер қатысатындығы беймәлім (сауықтыру бағдарламасына – ҚазТАГ).


- Әрине, мемлекет көмек көрсетуге дайындығын айта отырып, акционерлерді банк капиталдануына белсенді тартуды көздеуде. Сонда банк секторында жекеменшік-мемлекеттік серіктестік іспеттес болып тұрғаны ғой?


- Ұсынып отырған тетіктер бұдан былай жауапкершіліктің ауыртпалығы мемлекет мойнында болатындығын көрсетеді. Егер Ұлттық банк капиталда қатысуға барып, субсидияланған займдар беруге немесе артықшылықтағы банк акцияларын сатып алуға баратын болса, онда реттеушіде оларды басқаруда жауапкершілігі көп болады. Ол банктерде жаңа лауазымдық тұлғалар енгізілетін шығар, ал ол коммерциялық шешімдер қабылданғанда және тәуекелдік операциялар жасағанда қиындықтар тудырары сөзсіз.
Егер реттеушінің дайындап жатқан шаралары шоғырлану үдерісіне көмектесетін болса, және банктерді қандай да күрт қозғалыссыз ақырын сауықтыратын болса, онда ол шешім дұрыс шешім. Ал ұзақ мерзімдік келешекте ондай шаралар тиімділігі аз болар.



- Ал Сізге банк секторының көптеген проблемалары бұдан әлдеқайда бұрын шешілуі керек сияқты емес пе? Жаһандық қаржылық дағдарыстан 10 жыл өткенімен банктердің шешілмеген көптеген проблемалары бұрынғысынша шешілмей қалып отыр ғой?


- Дағдарыс басталғалы өткен жылдары біз Ұлттық банктің бірнеше төрағасын көрдік. Әрине, бәрі өтіп кеткесін пікір айту оңай, десек те, бұдан шапшаң әрекет ету керек еді.


- Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай өндірісін қысқарту туралы уағдаласты. Мұнай бағасы бірден көтеріле бастады. Әрине, мұның барлығыҰлттық банктің базалық мөлшерлемесін одан ары төмендетуге макроэкономикалық негіз құрайды. Ал ол, өз кезегінде, банктердің кредит беруін ынталанлдыруы тиісті. Сіз биылғы несиелендіру келешегін қалай бағалайсыз?



- Мұнай бағасының қымбаттығынан басқа, Қазақстанға құрылымдық реформалар қажет: ол жекешелендіру, мемлекеттің экономикадағы үлесінің азаюы, заңнамалық базаның либералдандырылуы мен т.б. Яғни, бізді мұнай бағасының көтерілуі құтқара алмайды, экономика бәрібір ақсай береді.
Ал несиелендіруге келсек, онда банк секторының несиелік портфелі онша өсе қоймайды. Бәлкім ол нольдік өсім болатын шығар, бәлкім төмендер. Жекелеген банктерде өтімділікке қатысты елеуді проблемалар бар. Яғни өтімділік тапшылығының мәселесі де сақталады.
Қазір «Халық банкте» ғана өтімділік артып тұр, ал сектор бойынша қарайтын болса, ол онша жақсы емес. Сондықтан мұның барлығы биыл барлық банк секторының несиелік портфелінің өсуін тежейтін факторлар болып табылады.


- Былтырғы жыл соңында өтімділік пен капитал тапшылығынан басқа өте қауіпті басқа да үрдіс бой көрсетті. Әңгіме банктерден депозиттердің кері кетуі туралы болып отыр. Сіздіңше, банк секторындағы депозиттік база алда өзін қалай танытар екен?


- Абсолюттік көрсеткіште физикалық тұлғалардың депозиттер базасы өсуде, әсіресе теңгенің нығаюымен байланысты қайта бағалауды алып тастасақ.
Меніңше, осы үрдіс сақталады, себебі жеке тұлғаларда жылжымайтын мүліктен басқа инвестициялау тетіктері онша көп те емес. Сондықтан жеке тұлғалар ақшаларын жинауға ұмтылар, себебі мемлекеттік және жеке секторда да жалақы көтерілуі байқалуда, деп ойлаймын.
Ал корпоративтік сектордағы көрініс басқаша. Корпоративтік депозиттерде биыл төмендеу орын алуы мүмкін, бірақ ол негізінен ұлттық компаниялар есебінен, себебі олар сыртқы қарыздарын өтеу артады. Әңгіме «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», KEGOC сынды компаниялар туралы болып отыр.


- Яғни банк секторының активтері азая береді?


- Егер Қазком бойынша мәміле іске асатын болса, (яғни, егер Халық банк ҚКБ бақылау пакетін сатып алатын болса – ҚазТАГ), онда жалпы банк секторы тарылады, себебі проблемалық несиелерді есептен шығарып тастау болады (ҚКБ-ның - ҚазТАГ). Сондықтан банк секторының жиынтық активтері сығылады.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Серіктестер