Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:47

Айнұр Айыпханова: Халық медициналық сақтандыруға қарсы, себебі Қазақстанда медициналық қызметтер арзан

17 Августа 2017 Алматы. 17 тамыз. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстанда медициналық сақтандыру енгізілгелі екі ай болды, бірақ жұмыс берушілер мен өздігінен жұмыс тапқандар ғана Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (МӘМС қоры)қаражаттарын салуда. Республикалық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова сақтандыру жүйесі – артқан жақсы болмаса да екі позицияны жақсартатын: денсаулық сақтау жүйесіне қаражат келуін арттыратын және халықты денсаулығына жауапты қарауға шақыратын - бүгінге жалғыз мүмкін тетік. Сонымен қатар, оның айтуынша, мемлекет халық денсаулығы үшін жауапкершілігінен бас тартпайды, себебі Қазақстанда енгізілген медициналық сақтандыру жүйесі таза түрде ондай емес. Біз сақтандырудың қандай жақсы жақтары барлығы туралы әңгімелестік.


- Айнұр, сақтандыру медицинасының ең басты жақсы жағы – адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы. Онсыз адам өз денсаулығына немқұрайлы қарай ма?

- Шынымен де медициналық сақтандыру – азаматтардың өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілігін енгізудің негізгі элементі. Медицина тегін кезде денсаулық сақтауға ынта онша жеткіліксіз. Ал ортақ жауапкершілікпен салыстырмалы түрде аз ғана соманы, өз кірісінің 1%-ын өз денсаулығына аударып отырғанда, ол денсаулық сақтау жүйесіне деген назары да жоғары болады.
Бұл ретте адам ақы төлей бастағасын өз денсаулығына да жауапкершілікпен қарайды. Әлеуметтік медсақтандыруды енгізу себебі – азаматтардың денсаулығына деген тек мемлекеттің емес, сонымен қатар бизнестің де, азаматтардың өздерінің де жауапкершілігін арттыру.
Жұмыс беруші қаражат бөліп отырған елдерде ол персоналдың денсаулығын күйттейді: салауатты өмір салтының элементтерін енгізеді, мысалы, фитнес-орталықтарға баруын жартылай төлейді. Сақтандыру медицинасы ондаған жыл бар елдерде жұмысшыларының денсаулығына қаражат салып отырған жұмыс беруші кеңседе газдалған сусын мен шоколадттар сататын автоматтарды жеміс жидек сататын автоматтарға алмастыратыны байқалған. Тіпті жұмыс беруші беретін тамақтың өзі де сапалы бола бастайды. Жұмысшыларының денсаулығын сақтауға қаражат салған жұмыс беруші оларды емдегенге қарағанда ұтатыны дәлелденген.
Одан соң, сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау саласына қаражатты арттырады. Бүгіндері Қазақстан кірісі шамалас елдердің арасында осы саланы қаржыландыруда соңынан қарағанда бірінші орында. Қазақстанда денсаулық сақтауға ЖІӨ-нің 3,5% ғана келеді, мемлекет үлесі - 2%. Бұл ретте біз тамаша ауруханалар мен білікті мамандарымыз болғанын қалаймыз. Ал оған қаражат салмаймыз.
Ол аз дасаңыз, мемлекет те бұл салада толыққанды төлеуші. Біз сақтандыру үлгісіне толығымен өтіп отырмыз деп айтуға ерте. Ол аралас түрде. 17 млн халықтың 10,5 млн-ы бұрынғысынша бюджеттен және мақсаттық трансферттен өтеліп отырады. Экономикалық белсенді 7 млн азамат сақтандыру үлгісімен қамтылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) тіпті денсаулық сақтаудағы бюджеттік жүйенің өзі де сақтандыру деп есептейді: азаматтар ем алғаны үшін үлкен сомадағы ақша төлеуден босатылған, себебі олар салық төлейді, ал медициналық қызметтер үшін осы салықтан мемлекет төлейді. Тіпті АҚШ-та халықтың 55%-ы мемлекеттік сақтандыруды қолданады, ал мемлекет 65-тен асқандар мен әлеуметтік осал топ азаматтарына төлейді.
Тағы бір айта кетерлік жәйт. Шетелдік сарапшылар неліктен Қазақстанда медициналық сақтандырудың маңыздылығын түсінетіндер аз, деген сауалға «онда медициналық қызмет бағасы қол жетімді болғандықтан» деп жауап береді. Яғни, Қазақстанда медициналық қызмет ақысы арзан. Мысалы, Израильде ауырған тісті емдеуге 600 доллар керек, ал Қазақстанда – 30 доллар. Қазақстанда ауруханада ота жасатып емделу шамамен 200 мың теңге – салыстырмалы түрде көтеруге болады. Ал қызмет арзандығы неліктен. Ол дәрігерлердің, медбикелердің, санитарлардың жалақысының тым төмендігінің есебінен болып отыр. Медикаменттер шетелдердегідей тұрады, медициналық жабдықтар да шетелдік валютамен сатып алынады. Дәрігерлердің жалақысы көтерілген бойда, медициналық қызмет ақысы да көтеріледі. Сол кезде сақтандыру керектігін көбі түсіне бастайды да ай сайын аздап төлеп отырған бірден толығымен төлегенге қарағанда арзан екенін ұғады.


- Сонда медсақтандыру есебінен денсаулық сақтау саласын қаржыландыру қаншаға артады? Бізде ұстап отыратын пайыз онша көп емес, және ол өте қымбат қызметтерді жаба да алмас.


- Иә, бір жұмыс берушіге, бір жұмысшыға пайыз шынымен де аз. Бірақ іс жүзінде Қор жетекшілерінің айтуынша, қордың жұмыс істеген бір айында (жұмыс берушілер мен өздерінше жұмыс тауып жүргендер МӘМС қорына 1 шілдеден бастап ақша аудара бастады – ҚазТАГ) алым 800 млн теңгені құраған.
Шынымен де 1% үшін (жұмыс берушінің жұмысшы үшін төлейтін жарнасы жалақысының 1%-ын құрайды – ҚазТАГ) талас бар. Ал Шығыс Еуропа мен посткеңестік республикаларда ол пайыз едәуір жоғары. Мысалы, Словакияда жұмыс берушінің ортақ жауапкершіліктік жарнасы жалақының 14%-ын құраса, Эстонияда – 13%, Литва мен Польшада – 9%. Ең жоғарғы мөлшерлеме Германияда – 15,5%. Бізде тек 2022 жылы ғана ол 5% болады.


- Ең бастысына оралайықшы, Сіздіңше, медсақтандырудың жақсы жағы: жүйе азаматтарды өз денсаулығын сақтауға ынталандырады. Мен, мысалы, ондай ынтаны көріп отырған жоқпын: мен науқаспын ба немесе саумын ба – жарна пайызы одан өзгермейді...


- Ең бастысы – ортақ жауапкершілік: аурулардан үлкен ақша алмаймыз, ал дені саулардан аз ақша алмаймыз. Бір қарағанда сіз дұрыс айтасыз: жүйеде жарна мөлшерлемесі бірыңғай, ол адамның жеке денсаулығына байланыссыз. Ал адам төлейді екен, ол сапалы медициналық қызмет талап ете алады. Медициналық мекемелер арасында бәсекелестік артады. Оған ресейліктерді мысалға келтіруге болады. Ресейде ортақ қор жоқ, федерацияның әр субъектісінде өз қоры бар. Және онда пациенттер қай қалада дұрыс емдейтінін таңдай бастады. Ал қаражат сол пациентпен бірге тиісті аймақтық қорға барады, өстіп белгілі мекемелердің сапасы артып, ол ішкі медициналық турзмнің дамуына әкелді. Ол құбылыс медсақтандыру жүйесінің үшінші-төртінші жылы дегенде пайда болды. Мен Қазанда іссапармен болдым, сонда бір клиниканың мамандары оларда түсім 30% артқанын, ал аурухана пациенттердің талабын орындауға қосымша шаралар қарастырып жатқанын айтып берді. Ол тамаша ғой – бәсекелестік сапаны арттырды.

  - Алайда шынайы жағдай туралы айтайық. Сіз Германияны сақтандыру сомасы өте жоғары мемлекет ретінде мысалға келтіріп жатсыз, алайда оларда ынталандыру бар: мысалы алдын алуға адам екі рет барды делік, алайда нақты сақтандыру жағдайы туғанда оған ем домының 50% емес, 70-80% толығымен өтеледі …

 - Біздің сақтандыру жүйесінде тек алғашқы қадамдар ғана жасалуда, және де денсаулығы жақсырақ адамдар азырақ төлеп, көбірек жеңілдіктер алуы үшін денсаулыққа қолдау көрсететін нақты ынталандыру механизмдері жасақталуда. Уақыт өте келе, ол пайда болуы мүмкін. Сақтандырудың кез келген жүйесі – өміріңді, мүлікті болсын әділетсіз болып көрінеді: өрт салдарынан келген шығынды сақтандыру компаниясының барлық салымшыларының есебінен өтеледі. Алайда бұл сақтандырудың мағынасы емес пе. Нақты сақтандыру жағдайы орын алғанда сомалар өте үлкен болатынын бәрі біледі, сондықтан да үйді өрттен, көлікті ЖКО-дан, денсаулықты – аса қымбат медициналық қызметтерден сақтандырған жөн. Сақтандыруды міндеттеудің басты мақсаты халықты жалпы қамту.

 - Алайда барлығын қамту бойынша да проблемалар бар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен жүйеде не болады, олар бізде экономикадан тыс емес пе?

 - Олар үшін төмен мөлшерлеме қарастырылған – жылына 15 мың теңге, олар бұл соманы 12 айға бөлу арқылы төлей алады, ай сайын. Алайда жедел жәрдемге келетін болсақ ол онсызда КТМКК аясында көрсетіледі. Алайда жоспарлы оталар (жедел емес) тек сақтандырылғандар үшін қолжетімді болады. Дәл осындай қиын оталардың құны 4 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Сондықтанда сақтандыру осындай қызметтерге қолжетімділік береді.

 - Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тіпті зейнетақы аударымдарын жасамайды. Оларды сақтандыруға не итермелеуі мүмкін?

- Денсаулық жағдайы. Мысалы, дәрігерлер көмектеспейді делік, жоспарлы ота керек болады. Осы ретте, біздің өзін өзі жұмыспен қамтыған жан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ене алады, жарнасын төлеп, сол жоспарлы қызметті пайдалана алады. Бұл ретте кез келген бейғам жан бұл қаншалықты тиімді екенін түсіне алады.

 - Мемқызметтің қолжетімділігіне тоқталсақ. Сақтандыру көлемі медперсоналдың жалақысына әсер ете ме??

 - Менің ойымша бірден емес. Денсаулық сақтау министрлігі біліктілігі жоғары дәрігер көбірек жалақы алу керек деп есептейді, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен медицина мекемелерінің арасындағы лайықты бәсекеге иек артады. Әр бас дәрігер еңбекті саралап төлеу аясында жұмыс барысында қолжеткізілген нәтижесіне қарай үстеме ақы белгілеп беруге мүмкіндігі бар.

 - Сіз сақтандырылған адам медқызметтің сапасын талап етуге құқылы деп қалдыңыз. Медициналық сақтандыру жүйесінде қолжетімділік пен қызметтің сапасын арттыру мәселесі қалай шешілетін болады?

 - Қолжетімділік былай шешіледі: сақтандыру үлкен қызмет көлеміне кепілді түрде қолжетімділік береді. 2019 жылдан бастап тегін берілетін дәрілік заттар пакеті кеңейтіледі. Не себепті екі жылдан кейін? Себебі алғашқы жылы бүгінде уәде етіп отыған дүниелермен қамтамасыз етіп алу керек. Қорға ақша көбірек түскен сайын қызметтер түріде көбейеді. Сондықтанда қолжетімділік жыл өткен сайын арта түседі.
Сапаға келетін болсақ, МӘМС қоры медқызметтер сапасын бақылау функциясын өзіне алып отыр. Қызметтер сапасының параметрлері бақылау үшін индикатор ретінде көрсетілетін болады.
Бүгінде дәл осындай қызметті медқызметті төлеу бойынша комитет атқаруда. Ауруханада жұмыс істейтін дәрігерлер медқызметтің бірыңғай порталында науқас туралы анықтаманы салады, онда оның немен ауырғаны және қандай ем қолданылғаны көрсетіледі. Осы анықтамадан кейін комитет төлем жүргізеді. Және де науқас сапалы емделмеген жағдайда қызмет төленбейді: қажетті дәрілік заттарды алмағанда, қажет процедуралар жүргізілмегенде және т.б. Қор әр клиникамен келісімшартқа отырады. Егер қызмет сапасы Қорды қанағаттандырмаса ол келісім шартта шара көрсете алады.

- Кезінде денсаулық сақтау министрі мәлім еткен тағы бір маңызды нәрсе – медициналық сақтандыру жүйесіне жеке емханаларды тарту. Алайда мұндағы басты кедергі – тарифтік жоспар: жекелер мемлекеттің қандай да бір ауруды емдеуге беретін сомасына көңілдері толмайды. Бұл мәселе шешіліп жатыр ма?

- Екі жыл ішінде медициналық қызметтерің көптеген тарифін қайта қарау жоспарлануда. Мәселен, кардиохирургия, нейрохирургия, гемодиализ тарифтері барынша тартымды – емханалар қызметтің осы түрлерін көрсеткілері келеді. Бұл ретте бірқатар төмен жоғары технологиялық қызметтер бар, олар бойынша тарифтер де жоғары емес және ол мемлекет үшін де, жекелер үшін де қызықты емес, бұл жерде біз медициналық қоғамдастықтың белсенділігіне сүйенеміз – ол денсаулық сақтау министрлігіне осындай тарифтік кедергілер туралы жеткізуі керек.
Тариф қалай қалыптасады? Мәселен, 10 аурухананы алады, және соңғы 6 айда дәрі-дәрмек бағасын, жалақыны, комуналдық қызмет және тағы басқаларын қосқанда қандай да бір нақты ауруды емдеуге қанша жұмсалғанын есептейді. Сосын орташа сан шығарылып, тариф бекітіледі. Бірақ уақыт өзгереді, дәрі-дәрмектердің де, шығыс материалдарының да құны өзгереді. Сондықтан оларды уақыт өте келе қайта қарап тұру керек. Тарифті есептеу РДДО құзыретіне кіреді, бірақ біз оны өз бастамамызбен есептей алмаймыз, денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы болу керек.

- Әңгімеміздің басында Сіз медициналық сақтандыру жүйесінің мінсіз емес екенін, түзетулер қажет екенін атап өттіңіз. Және жақында денсаулық сақтау министрлігі «Талап» аналитикалық орталығымен осы бағытта жұмыс жасау үшін меморандумға қол қойды. Сіздің ойыңызша оны жақсарту үшін азаматтық қоғам не ұсына алады? Сіз не күтесіз?

 - Денсаулық сақтау министрлігі бүгінде халық үшін ең ашық министрліктердің бірі болды – біз науқастарға жақын болып, олардың проблемаларын тікелей тыңдап, оны бірге шешкіміз келеді. Сондықтан біз азаматтық қоғамның бірде бір сөз қозғалмайтын отандық медицина жетістіктерін мойындағанын күтеміз. Әрине, проблемалар бар және болады да, бірақ барлық дәрігерлер мен медқызметкерлерге күйе жағу- дұрыс емес. Біз – БАҚ-та проблемалармен қатар жақсы жақтары да айтылса екен, денсаулық сақтау жүйесінің қалай өзгеріп жатқанына дұрыс талдау жасалса екен дейміз.
Екіншіден, біз азаматтық қоғамның белсенді бөлігін денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңалықтар туралы халықтың барлығын хабардар етуге ат салысуға шақырамыз, атап айтсақ медициналық сақтандыру туралы. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауылдықтарға олардың өз сақтандыруларын «Қазпошта» бөлімшелері арқылы төлей алатындарын жеткізсе. Былай қарасақ, қарапайым нәрсе, бірақ көбі ол туралы білмейді. Ақпараттың болмауы көңіл толмаушылық пен арыздарды көбейтеді.

- Менің білуімше, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу – заманауи кезеңде денсаулық сақтау жүйесін жақсартудың 10 жобасының біреуі ғана. Осы маңызды салада қазақстандықтарды тағы да не күтіп тұрғаны туралы айтып бере аласыз ба?

- Иә, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын тиімді атқару үшін денсаулық сақтау министрлігі жобалық қадамын анықтап, енгізді және қазір 10 салалық жобаны жүзеге асыруда, оның ішінде – қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру, ұлттық дәрі-дәрмек саясаты (дәрі-дәрмек бағасын реттеуді білдіретін), медициналық білім және ғылымды жаңарту және т.б., меморгандардың күнделікті жұмыстарына қарағанда жоба нақты мақсатты көрсеткіштерді, жобамен толық айналысатын команданы, тұрақты мониторингті және барлық мүдделі тараптармен тығыз қарым-қатынасты білдіреді, сондықтан денсаулық сақтау министрлігіндегі он жобаны жүзеге асыру мақсаты – жұмыстың нақты бағыттары арқылы денсаулық сақтау жүйесінде секіріс жасау және бастамаларды ақырғы нәтижеге қол жеткенше аяқтау.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Серіктестер