Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
19:15

Азалия Дайырбекова: Мемлекеттік қызмет көрсету тұрғысынан қоғамдық ұйымдар өздерінің өміршеңдігін дәлелдеулері тиісті

6 Сентября 2017 Алматы. 30 тамыз. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Мемлекеттік қызметтің бір бөлігін үкіметтік емес ұйымдарға тапсыру – Қазақстанның қазіргі мемлекеттік саясатының көрінісі. Әзірге бұл қағида іске асқан жоқ – меморгандар да, ҮЕҰ-лар да нені беру керектігін және қандай шарттармен беру керектігін түсінбейді. Бірақ оның алдында ҮЕҰ-лар өздерінің осы салада жұмыс істей алатындығын танытулары керек. ҮЕҰ-лардың кемелденгендігі мен олармен мемлекет қандай функциялармен бөлісу керектігі туралы
USAID «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасының жетекшісі, «Еуразия Орталық Азия қорының» президенті Азалия Дайырбековамен сұхбаттасқан едік.


- Азалия, Сіз қазақстандық ҮЕҰ-лардың мемлекеттік қызмет көрсету тұрғысынан әлеуетін қалай бағалаған болар едіңіз?

Мемлекет ұзақ уақыт азаматтық қоғам мен ҮЕҰ-ларды улап-шулайтын, халықты көшелерге шығаратын, шетелдік донорларға қызмет көрсетіп жүрген «грантжегіш» жалаң топтар деп қабылдады. Шындап келгенде оған негіз де бар болатын. Шынымен де көптеген ҮЕҰ-лар гранттан-грантқа дейін жұмыс істеген, егер қаржыландыру тоқтаса олар да жұмыстарын тоқтататын. Бүгіндері азаматтық қоғамда жаңа шығармашылық бастама пісіп келеді. Адамдар тек улап-шуламай, мемлекетті сынға алып, идеялар ұсынып, сындарлы шешімдер ұсынады. Бүгіндері азаматтық қоғамда кәсіби ұйымдар бар дер едім. Олар мемлекетпен тең дәрежеде бір тілде сөйлесіп, тек жобалар ұсынып қана қоймай, оларды өте жоғары кәсіби деңгейде іске асыра алады. Нәтижесі – олар мемлекеттік қандай да функцияларды іске асыруды өздеріне алады. Ол салада тәжірибе де бар.


- Сіз олар туралы айтып бермес пе екенсіз?


- Мысалы, біздің бір грант алушымыз астыртын мемлекеттік қызметті анықтау бойынша жобаны іске асыруда. Астыртын мемлекеттік қызмет дегеніміз не? Олар регламентте көрсетілмеген, процедурамен бекітілмеген, демек шенеунік қалай қаласа солай жасалатын қызмет, үш күнде ме, үш айда ма, немесе бір күнде – бірақ ақшаға жасайды. Нәтижесінде ол жемқорлыққа жол ашады. Және бізде осындай астыртын қызмет қай жерде көп екенін бақылап отыратын ҮЕҰ бар.
Ал «Әйелдердің көшбасшылығы қоры» «TEENS – қол жетімді және сапалы көмек» жобасының аясында жасөспірімдер арасындағы суицидтердің алдын алу бойынша жұмыс жасайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш өте жоғары екені құпия емес. Оның себебін анықтау бағытында көптеген зерттеулер жасалды, және ең басты мәселе – не істеу керек? Қор білім министрлігімен бірлесіп мектептерде психологиялық қолдау жүйесін қалай енгізуге болады деген бағытта жұмыс жасауда.
Формальды түрде мектептерде психологтар бар. Бірақ олар кәсіби психологтар емес, олар өзіне 1-2 сағат қосымша алған мұғалімдер, олар ешқандай алдын алу жұмыстарын жүргізбейді. Мысалы, егер оқушы суицидке әрекет танытса, оны бүкіл сынып алдына шығарып: «Қараңдаршы, кеше Вася өзінің күре тамырын кесіпті. Ешкім де бұдан былай ондай жасамасын» десе. Ертең Вася терезеден секіріп кетеді, себебі оны бүгін бүкіл сыныптың алдында масқаралады ғой.
Қазір халықаралық тәжірибе негізінде «Әйелдердің көшбасшылығы қоры» біздің шенеуніктерге мектептерде кәсіби арнайы дайындалған психологтардың жұмыс жасау керектігін жеткізуге тырысуда. Мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту дегеніміз осы, себебі мамандар алдын ала жұмыс жасайтын болады. Және ондай жобалар көп.

- Мемлекет қандай функцияларды беруге, ал ҮЕҰ қандайларын алуға дайын?


- Ол үлкен мәселе. Шенеуніктердің өздері де оны білмейді. Олардың алдына міндет қойды: беріңдер деген. Ал қандай функцияларды? Қалай беру керек? ҮЕҰ-лар оны алуға дайын ба? Талқылау жүріп жатыр. Егер адалын айтатын болсақ, бүгінге Қазақстанда функцияларды мойнына ала алатын ҮЕҰ-лар көп те емес. Егер менің жеке басымның көзқарасын айтсам, беруді кәсіби сертификациялардан, сарапшылар қауымдастығының аккредитацияларынан бастау керек.

Немесе мынадай бағытты алайық – мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс. Мүгедектердің бүгінде қоғамдық кеңестер құрамына кіретіні, жергілікті жерлерде әкім көмекшілері болып отырғандығының өзі жақсы- оларға сондай адамдардың қажеттілігін түсіну оңай. Айталық мүгедектігі бар адам ХҚКО-ға келеді, оған көмек көрсете алмайды. Сондай адамдардың қажеттіліктеріне қарай жұмысты сол жерлерде ұйымдастыра алатындай етіп, неге қызметтердің бір бөлігін клиенттердің нақты осындай санаттарымен жұмыс жасайтын мекемелерге бермеске? Дені сау шенеунікке мүгедек жанның қандай қиындықтарға тап болатынын түсіну қиын. Мәселен, мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жасайтын мекемелер оларды ХҚКО жанына отырғызып қойып, оларға бюрократиялық сөзбұйдасыз қызмет көрсете береді.
Екінші бағыт – АИТВ/ЖИТС статусын анықтау, осы ауруларға тестілеу. Оны кім жақсы жасай алады? Мұндағы аудиторияның басым көбі - нашақорлар. Ал осы жұмысқа бағытталған ҮЕҰ қызметкерлерінің көбі осыдан өткен адамдар. АИТВ жұқтырған адамдар ЖИТС орталықтарына тестілеуден өтуге бармайды. Ал өз адамдарына олар сенеді - және ол жерде тестілеу жұмыстары да басқаша қарқынмен өтеді.

- Ал бұл қызметтерді қалай берген дұрыс болады?

- Беру барысында, қызмет сапасының ақсап қалмау керектігі түсінікті нәрсе, сондықтан дұрысы, біздің ойымызша, ҮЕҰ тәжірибе жинақтауына қарай ақырындап берген дұрыс.
Шын мәнісінде бұл күрделі сұрақ, біздің тәжірибеміз жоқ. Сондықтан аталмыш тақырып бойынша біздің соңғы тренингіміздің бірінде Ресейден Азаматтық талдау және тәуелсіз зерттеу орталығының директоры Светлана Маковечкая қатысты. Көршілерімізде біршама тәжірибе бар - оң да, теріс те, ол тәжірибесімен тек бізбен ғана емес, мемқызметкерлермен де бөлісті. Бізде тренингтердің барлығында тек қоғамшылдар ғана емес, жергілікті жерлердегі түрлі басқарма шенеуніктерінің де қатысуы бекерден бекер емес, оларға бұл жұмысты қалай жүргізу керектігі түсінікті болу үшін қатысады.

- ҮЕҰ жұмысын қаржыландыру бюджеттен жүре ме? Осыдан кейін ҮЕҰ-ды «қалта түсетіндер» деп атайды деп қорықпайсыз ба?

- Мен бұл мемлекеттік қызмет болғаннан кейін оны мемлекет төлеуі керек деп санаймын. Бұл бұрыннан келе жатқан дау: яғни музыкаға да ақшасын төлеген тапсырыс бере алады. Иә, біз тәуелсізбіз, себебі мемлекеттен ақша алмаймыз. Ал алатындар олар қалтаға түскендер. Шын мәнісінде егер сен өз мемлекетіңнен ақша алмасаң, демек басқа мемлекеттен аласың, сөйтіп американдыққа, ағылшынға, түрікке және т.б. тәуелді боласың. Біз ҮЕҰ-ды донорлардан ақша алуға, өз портфелін әртараптандыруға шақырып жатырмыз, сол кезде ұйым баланс жасап, өзінің қаржылай тұрақтылығын көрсете алады, тәуелсіз екенін айта алады, өзінің миссиясы мен мақсатын айта алады – және оған жету үшін кімнің ақшасын қолданғаны маңызды емес. Бұл жағдайда ҮЕҰ өзінен қайырым көрушілерден, мәселесін шешкендерден – ол әйел болсын, жетім болсын, мейлі ол мүгедек болсын соларға тәуелді болады.

- Сіз әңгімеміздің басында мемқызмет бөлігінде сыбайлас жемқорлық құрамының бары туралы айтып қалдыңыз. Бұл мәселені ҮЕҰ қалай шешпек? Ешкімді ренжіткім келмейді, бірақ олар да адамдар ғой...

- Бұл жерде қандай да бір қызметтердің берілу жағдайы туралы айту керек. Егер олар нақты регламенттелмеген болса, мемлекетте бола тұра қадамдары нақты көрсетілмесе, егер ол жерлерде сыбайлас жемқорлыққа алғы шарттар болған болса, онда оларды өзгеріссіз берген жағдайда олардың барлығы сақталады, себебі бақылау аз болады. Ал егер бақылауды күшейтсе – қызметтердің бір бөлігін бере тұра меморгандарға түсетін жүктеме азаймайды, көбейеді.
Ал процедуралар дұрыс болғанда қоғамдық бақылаудың өзі жеткілікті.

- Әлеуетті сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қызметтерді беру регламентін әзірлеуге ҮЕҰ қатысуы керек пе? Әлде ойын ережесін мемлекет жазғанша күтуі керек пе?

- Шын мәнісінде бұл мәселеде ҮЕҰ идея тастайды. Мәселе тек мынада, мемлекет қаншалықты ҮЕҰ-ға сенім арта алады. Бүгінде сенім шегі өте төмен - тек мемлекеттің ғана емес, халықтың да: бізді «тыңшылар», «шетелдік агенттер» және т.б. деп атауларын қояр емес, бірақ нақты жұмыссыз біз бұл сенім шегін көтере алмаймыз.

- Сұхбатыңызға рақмет!


Серіктестер