Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
19:04

Дариуш Войташек: Біз поляктарды Қазақстан экономикасына инвестиция салуға бұрынғыдан да қызықтырмақшымыз

7 Сентября 2017 Алматы. 28 тамыз. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Қазақстан мен Польшаның экономикалық ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілу мүмкіндігі бар, деп есептейді Польша даму және кәсіпкерлік агенттігінің (ПДКА) өкілі. Олардың айтуынша, алдағы 6 қыркүйекте Астанада өтетін польша-қазақстандық экономикалық форум септігін тигізуі керек.
Біз экономиканың қандай секторларында Қазақстан мен Польшаның ынтымақтасу әлеуетінің көптігі туралы айтып беруін ПДКА жылжыту департаментінің директор орынбасары Дариуш Войташектен айтып беруін сұраған едік.


- Войташек мырза, Сіз экономиканың қандай секторларында Қазақстан мен Польшаның ынтымақтасу әлеуеті жақсы деп ойлайсыз?


- Бүгінге, бірінші кезекте ондай сала энергетикалық өнеркәсіп дер едім. Польша мен Қазақстанның қуат өндіру көздері ұқсас. Мысалы, бізде негізінен көмір пайдаланылады.
Бірақ біз қоршаған ортаны қорғауға ерекше мән береміз. Сондықтан қазір бізде белсенді түрде «жасыл технологиялар» қолданылуда. Бүгіндері Польша ғылыми институттарының осы саладағы жақсы жаңалықтары бар және ол Қазақстан үшін қызық болар еді. Сол жаңаклықтардың кейбіреулерін біз Астанадағы ЭКСПО-2017-ге әкелдік.


- Бәлкім польшалық технологилар қолдануға болатын басқа да тұстары бар шығар?

- Менің білуімше, Қазақстанның эконгмикалық бағдарламасының басым бір бағыты ауыл шаруашылығын дамыту. Польшаның ғылыми институттарында аграрлық секторды дамытуға қолдануға болатын технологиялар мен ұсыныстар бар.
Осыдан біржарым ай бұрын мен Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігінде болдым. Министрлік өкілдері ауыл шаруашылық үшін технологиялық салада да, басқа мәселелерде де польшалық компаниялармен жұмыс істеуге қызығушылық танытты.
Әрине, Қазақстан мен Польшаның арасындағы осы саладағы ынтымақтастық дамып келеді. Бірақ 6 қыркүйекте өтетін EXPO-2017 көрмесінің аясында польша-қазақстан экономикалық форумнан соң ынтымақтастық жаңа сапалық деңгейге шығады деп ойлаймын.


- Польшалық Тарап Қазақстанға тағы не ұсына алар еді? Және Польшалық қандай компаниялар қазақстандық нарықта жұмыс істегісі келеді немесе жұмыс істеп жатыр?


- Біз польшалық фирмаларды Қазақстан экономикасына инвестиция салуға қызықтырғымыз келеді. Қазір Қазақстанға инвестиция салуға қызығушылық тантып отырған польшалық компаниялар көп. Және ол кездейсоқ емес, себебі сіздің республикаңыз Польшаның Орталық Азиядағы ірі экономикалық серіктесі болып табылады.
Ал қазір Қазақстан нарығында бір польшалық фармацевтикалық компания бар. Тағы бір компания былтыр Астана түбіндегі арнайы экономикалық аймақта құрылыс химияларының зауытын салды. Сенсеңіз, Польша мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық таныта алатын салалары өте көп. Бірақ барлығы да кәсіпкерлерге байланысты, олар қалай ақша тапқысы келетіндігіне байланысты.
Және мен екі тараптың да компаниялары өзара тиімді ынтымақтасқысы келеді деп сенемін.


- Ал Сіз польшалық кәсіпкерлердің Қазақстанда бизнес жасауына кедергілер бар деп ойлайсыз ба, егер қатерлер бар болса, олар қандай?


- Әр кәсіпкер тәуекелдерді өзі бағалайды. Сосын Польшада кәсіпкерлерге көмектесуге бағытталған мекемелер бар. Мәселен, бұл Польшалық даму қоры құрамына кіретін мекемелер, сонымен қатар бұл ұлттық шаруашылық және экспорттық кредиттерді сақтандыру корпорациясының мемлекеттік банкі.

- Сіз қыркүйекте Астанада өтетін Польша-Қазақстан экономикалық форумы туралы айтып өттіңіз. Одан сіз қандай нәтиже күтесіз?

- Біз Польша-Қазақстан экономикалық форумы польшалық және қазақстандық кәсіпорындардың ынтымақтастық тарихындағы маңызды оқиғаға айналуына барлық мүмкіндігі бар деп ойлаймыз. Ол Польша мен Қазақстан компаниялары арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға үлкен серпін беретін нүкте болады.
Бұл шараға көптеген польшалық фирмалар қатысуға ниет білідіріп отыр. Шын мәнісінде қатысқысы келетіндердің көптігі соншалық, бізге қатысушылардың резервтік тізімін ашуға тура келуде.
Бүгінгі таңда форумға қатысу үшін тек польшалық тараптан 200-дей адам тіркелді. Және атап өтерлігі, тіркелгендердің көбі – шағын және орта кәсіпорын өкілдері.

- Форумға экономиканың қай саласының өкілдері қатысуға ниет білдіріп отыр? Оның барынша маңызды бөлігі не болмақ?

- Форум кезінде энергияның жаңартылатын көзі, дәстүрлі энергетика, тау-кен өнеркәсібі, машина құрылысы, химиялық және фармацевтикалық индустрия, тамақ өнеркәсібі секілді экономика салаларының өкілдері болады. Соңғысын тізімге қостық, себебі біздің елдер арасындағы сауда құрылымының 16%-ын тамақ индустриясының өнімдері алып отыр.
Польша мен Қазақстанның бірінші тұлғаларының сөз сөйлеулерінен басқа, польшалық және қазақстандық компания өкілдері арасындағы кездесулер мен келіссөздер шараның маңызды бөлігі болып табылады.
Форум аясында қазақстандық және польшалық компаниялар арасындағы бірқатар шарттарға қол қою жоспарлануда. Бұлар негізінен тамақ және фармацевтикалық өнеркәсіп технологиясына қатысты келіссөздер. Форумға қатысушылардың қызығушылығын тудыру үшін мен әзірге барлығын егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын.

- Және егер мүмкін болса, кәсіпкерлікті дамыту бойынша Польша агенттігінің қызметінің негізгі бағыттары туралы қысқаша айтып берсеңіз?

- Біздің қызметіміздің бірінші бағыты Еуроодақ қорынан кәсіпорындарды қолдау. Біздің агенттік коммерцияландыру және зерттеушілік қызметті қолдау желісі бойынша ШОБ-ке көмектеседі.
Екінші бағыт – ғылыми институттармен байланыс, себебі осы байланыс әдетте мекемелер арасындағы ынтымақтастықта «әлсіз буын» болып қалып отыр.
Үшінші бағыт – польшалық фирмаларды шетел нарығына шығару. Бұл ретте атап өтерлігі польшалық компаниялар өнімінің экспорты – Польша үкіметінің экономикалық бағдарламасының маңызды бөлігі. Және қазір Астанадағы EXPO-да болып жатқандар – польшалық компаниялардың дамуы мен интернационалдануының мысалы.
Және төртінші бағыт – бұл жаңа технологиялық жобаларды- стартаптарды қолдау. Айтпақшы, бұл - тәжірибемізбен бөлісу үшін «Даму» қазақстандық кәсіпкерлікті дамыту қорымен талқылап жатқан тармақтарымыздың бірі.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Серіктестер