Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
13:04

Наурызда Атырауда киіз үй тігушілер конкурсы өтеді

18.03.2017 Атырау. 17 наурыз. ҚазТАГ – Атырауда Наурызда ең үздік тігілген киіз үй конкурсы өтеді, жеңімпаз әкімдік сыйлығына ие болады, деп хабарлады қала әкімдігінен.
«Киіз үй тігу – үлкен өнер, ол екінің бірінің қолынан келе бермейді. Әр қатысушы киіз үйді тігіп қана қоймай, оның әр бөлшегінің не үшін керек екенін айтып беруі керек. Олардың шеберліктерін қазылар алқасы, ақсақалдар, халық шеберлері бағалайды», - деді жұма күні әкімдіктен.
Жалпы қала бойынша мерекеге 50 киіз үй тігіледі, олардың жартысы Исатай мен Махамбет орталық алаңында құрылады. Конкурс қорытындысы 21 наурызда шығарылады.
Хабарда айтылғандай, 5 мереке күні қаланың әр бөлігінде ондаған шаралар өткізіледі - «Ак Жайык аруы» конкурсы, «Жаңа толқын-2017» конкурсы, қолөнер көрмесі, концерттік бағдарламалар, мекемелер арасындағы ұлттық әдет-ғұрыптардың театрландырылған қойылымдары, жастар үшін заманауи билер конкурсы. Сондай-ақ, «Өмір гүлі» ансамбілінің қайырымдылық концерті өтеді.
«22 наурызда орталық алаңда қала тұрғындары мен қонақтары театрландырылған концерттік бағдарламаны, ұлттық ойындар мен жергілікті өндірушілер жәрмеңкесін көреді. Наурыз-мейрам мерекесі отшашулармен аяқталады», - деді әкімдікте.


Серіктестер