Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:56

Еліміздің барлық өңірлеріндегі вокзалдарда багаждарды тексеру енгізіледі

18.05.2017 Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ - 1 маусымнан бастап еліміздің барлық өңірлік теміржол вокзалдарында жолаушылардың қол жүктері мен багаждары ішінара тексеріледі, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму министрлігінен.

"Жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2017 жылдың ақпан айынан бастап еліміздің барлық теміржол вокзалдарында қол жүктері мен багаждарды тексеру кезең-кезеңімен енгізілуде. Биыл 1 ақпаннан бастап Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарында тексеру енгізілді. Ал 1 сәуірден бастап Астана қаласы вокзалында тексеру ұйымдастырылды. Қалған 15 вокзалда (Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Орал, Қызылорда, Маңғышлақ, Атырау, Жамбыл, Шымкент, Бейнеу, Шу, Семей, Петропавл, Павлодар) тексеру 2017 жылдың 1 маусымынан енгізіледі", - деді ол.

Елордада жаңадан пайдалануға берілетін «Астана - Нұрлы жол» вокзалында да осындай қауіпсіздік шаралары қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазанда бекітілген Ережеге сәйкес, террорлық қауіп-қатердің қандайда бір қауіптілік деңгейі жарияланбаған немесе қауіптің орташа деңгейі («сары») жарияланған жағдайда, жолаушылар мен келушілердің заттары, оның ішінде қол жүктері мен багаждары ішінара тексерілетін болады.

Ішінара тексеру қағидасы көлік инфрақұрылымы нысанындағы тексеру пункті қызметкерлерінің күдігін тудырған жолаушыларға және келушілерге, олардың заттары мен қол жүктеріне, багаждарына қолданылады.

Қауіптің жоғары («қызғылт сары») және өте қатерлі («қызыл») деңгейі жарияланған жағдайда барлық жолаушылар мен келушілер, олардың қолындағы заттары, оның ішінде қол жүктері мен багаждары тексеріледі.


Серіктестер