Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
13:39

Ұлы дала жолбарысы 70 жылдан соң Қазақстанға қайта оралады

13.09.2017 Астана.13 қыркүйек. ҚазТАГ -  Ұлы дала жолбарысы 70 жылдан соң Қазақстанға қайта оралады, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметінен. Хабарда айтылғандай, ЕХРО – 2017 Халықаралық көрмесі алаңында ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бас директоры М.Ламбертини мен WWF Ресей директоры И.Честинмен кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры арасында жолбарыстарды Қазақстанға қайта жерсіндіру бағдарламасын іске асыру туралы Меморандумға қол қойылды.
«Қазақстан дамудың «жасыл» жолымен жүріп келеді. Жолбарыстарды тарихи жеріне қайтаруға байланысты осындай маңызды жобаны әлем бойынша алғашқы боп Қазақ елінің қолға алуы үлкен абырой. Сондай-ақ, бағдарлама арқылы Іле-Балқаш аймағының экожүйесі толығымен қалпына келтірілетіні де өте маңызды», – деп айтып өтті А.Мырзахметов.
Айта кетейік. 2014 жылы мамыр айында Алматы қаласында қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысқан семинарда Іле өзенінің аумағы жолбарыстарды жерсіндіруге жарамды екені дәлелденген болатын.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында арнайы бағдарлама әзірленіп, Назарбаев университетінде өткен Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы отырысының аясында таныстырылды.
Аталған бағдарлама дүние жүзіндегі жолбарыстардың санын 2022 жылға қарай екі есеге арттыруға өз үлесін қосады.
Бұдан бөлек бағдарламаға жабайы табиғатты сақтау және тұяқты жануарлар (құлан, тоғай бұғысы) популяциясын сақтап қалу шаралары енгізілген.
Осының негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылдан бастап «Іле-Балқаш» табиғи резерватын құру туралы шешім шығарды.
«Іле-Балқаш» эко жүйесін қайта қалпына келтіру келешек ұрпақ үшін Балқаш өзенін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Серіктестер