Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:44

Қарағандыда Головкиннің жекпе-жегі үш LED-экранда көрсетіледі

13.09.2017 Қарағанды. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Қарағандыда Головкиннің жекпе-жегі үш LED-экранда көрсетіледі, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Хабарда атап көрсетілгендей, алдағы жексенбі, 16-шы қыркүйекте (қазақстан уақыты бойынша 17-ші қыркүйекте), Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) «T-Mobile» аренасында көпшіліктің асыға күткен қазақтың ұлы боксшысы Геннадий Головкин мен мексикандық Сауль Алварестің жекпе-жегі өтеді.
Жерлесіміздің жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция 17-ші қыркүйекте 60:00-де басталады.
Қарағандылықтар қаламыздағы алаңдардың біріне келіп, атақты жерлесіне қолдау көрсетуге шақырылады. ЛЭД-экрандар үш нүктеде – Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаңда, Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінің және Достық үйінің жанында орнатылады. Бұл жерде жекпе-жектің тікелей трансляциясы ұйымдастырылады.
Сонымен қатар трансляция С.Сәпиев атындағы Бокс орталығында да өтеді. Онда кіру ақылы болады. Билеттердің құны – 300, 800, 1500 және 3000 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, алдағы айқаста Геннадий Головкин конға WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы титулын қояды, ал Альварес болса - The Ring журналының нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігін тігеді.
26 жасар Альварестің есебінде кәсіби рингте 49 жеңісі (34 нокаутпен), 1 жеңіліс, 1 тең ойын тіркелген. Ал 35 жасар Головкиннің қоржынында 37 жеңісі (33-і нокаутпен) бар, бірде бір жеңіліс тіркелмеген.
Геннадий Головкин өзінің The Telegraph газетіндегі сұхбатында ол өзінің бас жекпе-жегін әкесі мен бауырлары Вадим және Сергейге арнайтынын айтты.
9-шы қыркүйекте Геннадий Головкин мен оның жұбайы Алина қызды болды. Бұл Головкиннің отбасындағы екінші бала – атақты жұп сегіз жасар Вадим атты ұлын тәрбиелеп отыр.

Серіктестер