Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
17:30

Сахарада қар жауу жиілеуі жаһандық жылынудың дәлелі ретінде айтылды

09.01.2018 Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ - Сахарадағы қардың жиі жаууы жаһандық жылынудың дәлелі ретінде сипатталған, деп хабарлайды TАСС.
«Барлық осы эпизодтар: сахардағы қар, кенет сутып кетулер, Солтүстік Америкада ұзаққа созылған, Ресейдің еропалық бөлігіндегі өте жылы ауа-райы, батыс Еуропа елдерінде су тасқынынан зардап шеккен ұзақ мерзімді жаңбырлар - бұл оқиғалар жиі болып жатыр.
Мұндай экстремалды оқиғалардың жиілігі жаһандық жылынудың салдары болып табылады. Мен өз көзқарасымды айтып отырған жоқпын, бірақ бұл климаттың өзгеруі бойынша сарапшылардың үкіметаралық комиссиясында жұмыс істейтін ғалымдардың консенсустық пікірі», - деді Роман Вильфанд, Ресейдің Гидрометеорологиялық орталығының басшысы.
Ол сондай-ақ Мысырда және Таяу Шығыста қар жауудың рекше жағдайлары болғанымен, әдетте ол әр 15-20 жылда тіркеледі деді.
«Зерттеушілердің назарын осындай оқиғалардың ерекше екендігі емес, қайталанатын жиілігі тартады. Ауа-райы оқиғаларының тербеліс ауқымы артуда. Кейбір жекелеген эпизод ештеңе айтпайды. Мұндай жағдайлар бар», - деді Р.Вильфанд.
7 қаңтар күні таңертең алжирлік Сахара шөліндегі Айн-Сефра қаласында қар екінші жыл қатарынан жауды. Қар жамылғысының қалыңдығы шамамен 40 см, ал кешке ол еріп кетті, себебі ауа температурасы +5 градус болды.


Серіктестер