«Әзіл әлемін» өткізуге Т50 млн жұмсамақшы

     Астана. 3 мамыр. ҚазТАГ– «Әзіл әлемі» концертін өткізу және дайындау қызметіне Т50 млн жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   «Тапсырыс беруші – Астана қаласы әкімдігінің «Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; атауы - конференцияларды /семинарларды/форумдарды/конкурстарды/корпоративтік/спорттық/мәдени/мерекелік және ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - техникалық ерекшелікке сәйкес «Әзіл әлемі» концертін өткізу және дайындау қызметі; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т50 000 000», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
   Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 6 мамыр мен 21 мамыр аралығында өтеді.

Фото көзі: pixabay.com


adimage