Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ – Алматы облысының тұрғындары Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жер сілкінісін сезінді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«ҚР ТЖМ «ҰСБмЗҒО» ЖШС сейсмикалық станция желісі 2024 жылдың 6 мамырында 09 сағат 12 минут 44 секундта жер сілкінісін тіркеді», - делінген хабарда.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында Алматы қаласының оңтүстік-шығысында 194 км жерде орналасқан.
Сезілуі туралы мәліметтер ( МSК-64 шкаласы бойынша): Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, екі балл. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстау облысында бас полицей тағайындалды17 Мамыр 2024, 17:55
-
Маңғыстау облысының әкіміне кандидат мінген ұшақ Ақтауға жақындады17 Мамыр 2024, 16:14