«Алматы-Талдықорған» магистральдық газ құбырының диагностикасына Т362 млн астам қаражат жұмсамақшы

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – «Алматы-Талдықорған» магистральдық газ құбырының диагностикасына Т362 млн астам қаражат жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші – «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ; атауы - мұнай/газ құбыр желілеріне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстар; қосымша сипаттамасы – «Алматы-Талдықорған» магистральдық газ құбырының техникалық (құбырішілік) диагностикасы; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т362 686 243», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді алдын-ала қабылдау 6 мамырдан 21 мамырға дейін өтеді.

Фото көзі: aversgaz.ru


adimage