Қазмемциркінің акробаттары танымал британдық Britain’s GotTalent телешоуының ІІ турына өтті

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ – Қазақ мемлекеттік циркінің акробаттары танымал британдық Britain’s Got Talent телешоуында бір-бірімен тепе-теңдікті сақтай отырып, сатыға көтерілген, деп хабарлады қала әкімдігінен.
«Жоба көрермендері мен төрешілері Саймон Коуэлл, Аманда Холден, Алиша Диксон және Бруно Тониоли әртістерге орындарынан тұрып қол шапалақтаған. Қазақстаннан барған қатысушылар бірауыздан жобаның екінші кезеңіне өтті. Ол 17 мамырда болады», - делінген хабарда.
Ақпарға сәйкес, Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері Батыр Жанұзақ, Марлен Маратов және Зарина Дигарбекова қауіпті акробатикалық нөмірді орындаған. Атап айтсақ, әртістердің бірі сатымен көтерілген, ал әріптесі оның басына сүйене отырып, бір қолымен тұрған.
«Нөмір аяқталғанша жүрегіміз қатты соғып кетті. Акробаттар бір-бірімен тепе-теңдікті сақтай отырып, сатымен көтерілгенде өздерінің ерекше қабілеттерімен бәрімізді таң қалдырды. Үйде қайталауға тырыспаңыздар», - деп хабарлады дүйсенбі күні әкімдік танымал британдық Britain’s Got Talent телешоуынан.

adimage