Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
17:25

Алматы әуежайында Бангкоктан ұшып келген қазақстандықтан $100 мыңдай валюта алынды

17.03.2017 Алматы. 17 наурыз. ҚазТАГ – Алматы әуежайында Бангкоктан ұшып келген қазақстандықтан $100 мыңдай валюта алынды, деп хабарлады қалалық мемкіріс департаментінің (МКД) баспасөз қызметінен.
«16 наурызда «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері мен Алматы бойынша МКД экономикалық зерттеулер қызметінің қызметкерлері арнайы тексеру жүргізу барысында кедендік рәсімдеусіз 98 400 АҚШ долларын алып келген Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
МКД нақтылағандай, жеке тұлға нақты ақшамен сыртқа әкететін не сыртан әкелетін ақша көлемі $10 мыңнан (Т31 млн-нан астам) аспауы керек. Осындай бұзушылық үшін ҚР Қылмыстық кодексі жеке мүлкін тәркілеп, 3 мың АЕК мөлшеріндегі айыппұл салу немесе сол көлемдегі түзету жұмыстарына тарту, немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.


Серіктестер