Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
09:31

Сенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын болады деп күтілуде

18.03.2017 Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Сенбі күні Қазақстанның батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы және шығысында жауын-шашын болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада ала бұлтты, солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы -3-5 градус.  
Алматыда ала бұлтты, тұман түсуі мүмкін, кейде қар жауады, 0-5 м/с жел соғады, +1+3 градус.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облысында синоптиктер күн ашық болады деп болжауда, кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы сәйкесінше, -6, -6, -8 және -8 градус.
Қарағанды облысында да жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады,-7-12 градус.  Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі, -3+2 градус.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында да аздап жауын-шашындатып, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, сәйкесінше, +5+10 және +12+17 гардус. Қызылорда облысында күн ашық, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, +7+12. Алматы облысында аздап жауын-шашындатып, тұман түседі, 0+5; Жалаңашкөл маңында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Маңғыстау, Батыс Қзақастан облысының кей жерлерінде жауын жауады, +9+14 және 0+5 градус, Ақтөбе, облысында жауын-шашынсыз, 18 м/с жел тұрады, -2+3. Атырау облысында аздап жауын жауады, +3+8.
Алдағы күндері Сырдария өзенінде, БҚО және Атырау, Алматы облысының жекелеген өзендерінде сең бұзыла бастайды.  Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейі құбылыпр тұрады.



Серіктестер