Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
11:12

Тәжікстанда мектеп бітірушілерді ЖОО-ларға түсерде саусақтарының таңбасын тапсыруға міндеттеді

18.03.2017 Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ – Тәжікстанда мектеп бітірушілерді ЖОО-ларға түсерде саусақтарының таңбасын тапсыруға міндеттеді, деп хабарлады ВВС Орыс қызметі.
«Тәжістан мектептерін бітіргендер елдегі жоғарғы оқу орындарына түсерде саусақтарының таңбаларын тапсыратын болады. Осылайша билік емтихан тапсыратындардың алдауларына, емтиханға өзінің орнына басқаны кіргізіп жіберуіне тосқауыл қоймақшы», - делінген хабарда.
ВВС Орыс қызметі түсіндіргендей, Ұлттық тестілеу орталықтарында (ҰТО), талапкерлердің саусақтарының таңбасын жинауды бұдан бір жыл бұрын ұсынған, бірақ ол кезде техникалық мәселелер жетіпеушілігінен оны жасау мүмкін болмады. Биыл жылдың басынан бастап саусақтың таңбаларын алатын сканерлер Тәжікстанның  барлық ҰТО тіркеу прунктерінде орнатылған.
«Саусақ таңбаларын алу туралы шешім бірнеше сеебптермен қабылданды, олардың ішінде – алдауға жол бермеу үшін. Талапкерлер ЖОО-ларға емтихан тапсырғанда алдауға әрекет көрсетіп, өзінің орнына туыстарын кіргізіп жіберу әрекеттерін талай жасаған», - деді ҰТО мамандары.
Одан басқа, билік, саусақ таңбаларын алу студенттердің қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді дейді.
«Біз қандай да қастық ойлаушы адам студент ретінде тіркеліп алып, кейін теракті жасау мүмкіндігін теріске шығара алмаймыз. Дактилоскопия көмегі арқылы тез арада терроршыны анықтап, зарарсыздандыруға болады», - дейді Ұлттық тестілеу орталығынан.
Жаңа жүйе наурыздың басында енгізілді, бірақ ол туралы енді ғана белгілі болып отыр.


Серіктестер