Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
11:34

Петропавлда 500 орындық жаңа зал салу арқылы қазақ драма театрын қайта жөндеуден өткізбек

18.03.2017 Петропавл. 18 наурыз. ҚазТАГ – Петропавлда С. Мұқанов ат. қазақ музыкалық-драма театрын 500 орындық жаңа зал салу арқылы қайта жөндеуден өткізбек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгіндері 2000-шы жылы салынған театрда 200 орындық бар және ол қаладағы көрерменнің өскелең сұранысын қанағаттандыра алмай отыр», - деп айтып берді, Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау және заң жұмыстары басқармасының жетекшісі Ақат Мәмбеталинов.
Осы себепті театр үшін 500 орындық залды қосымша салу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте ол ғимараттың тарихи ескерткіш екендігін ескерер отырып, бұрынғы ғимаратты бұзбастан, оған қосымша зал салу ұйғарылды.
«Қосымша салынатын зал да бұрынғы ғимарт секілді үш қабатты және сол стильде болмақ, театрдың жалпы ауданы, жөндеу жұмыстарынан кейін, бұрынғыдан 4 есеге артып, 10 мың 648 шаршы метр болады», - деді Р.Мамбеталинов.
Құрылыс биыл мамырда басталмақ, ал тапсыру – 2018 жылы шілдеге деп жоспарланып отыр.


Серіктестер