Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
11:55

Әбләзовтың ісі бойынша басты сот отырысы Алматыда 3 сәуірде өтеді

18.03.2017 Алматы. 17 наурыз. ҚазТАГ – «БТА банк» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарының ісі бойынша басты сот отырысы Алматыда 3 сәуірде өтеді
«Әбләзов Мұхтарға, Жақсылық Жарымбетов, Қайрат Садықов, Садуақас Мамешке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысын ашық түрде, орыс тілінде өтетіндей, Алматыдағы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта 2017 жылғы 3 сәуірде 10.00 сағатқа тағайындалсын», - деді Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Мартбек Кәкімжанов.
Сотқа тартылып отырғандарға қатысты бұлтартпау шаралары да бұрынғысынша қалдырылды.
«ҚР ҚПК 335 бабы 2 тармағы 2 тармақшасына сай сотталушы Әбләзовқа қатысты сот тергеулерін оның қатысуынсыз, сырттай өткізілсін. (...) Осы қаулы ақтық қаулы және ол бұздыруға жатпайды», - деді ол.
Еске салсақ, бұдан бұрын Алматы прокуратурасы қылмыстық істі тексеру қорытындысы бойынша БТА банктің бұрынғы топ-менеджменттері М. Әбләзовқа, Ж. Жарымбетовке (басқарма төрағасының бірінші орынбасары – кредит комитетінің төрағасы), Қ. Садықовқа, (кредиттеу бойынша директор) және С. Мәмешке (басқарма төрағасы) қатысты іс материалдарын сотқа жіберу үшін айыптау актілерін бекіту туралы шешім қабылдағанды. Айыптау актілері қылмыстық процесске қатысушылардың барлығына қол қойдырып табыс етілді, оның ішінде айыпталушы М. Әблязовтың қорғаушысына да.
Биылғы 2 және 14 ақпанда Ұлттық бюро қазақстандық және шетелдік БАҚ беттерінде жарияланым беру арқылы экс-банкирді оның қылмысын квалификациялау туралы қаулыны жариялау және жауап алу үшін тергеуге келу керектігін ескертті. Бірақ М. Әблязов оған келмеді және оның себебін түсіндірмеді де.
«Қолданыстағы заң ондай кезде қылмыстық істі сотқа тартылушы жоқ кезде, ол ҚР аумағынан тыс жерде жүргенде және сотқа келуден жалтарған кезде де (ҚПК 335 бабы) сырттай соттай беру мүмкіндігін қарастырады», - деді прокуратурадан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы баспасөз қызметінен хабарлағандай, М. Әбләзов қылмыстық топ құрған және оны басқарған, «БТА банк» ақшалай қаражатын жымқырған және оны жылыстатқан, банк қаражатын заңсыз пайдаланған және қызмет бабын асыра пайдаланған деп күдіктелуде. Оның келтірген зиянының жалпы сомасы $7,5 млрд. Жымқырылған қаражат халықтың зейнетақылық салымдары, Қазақстан азаматтарының жеке жинақтары және шетелдік қаржы институттарының займдары болатын.
Қылмыстық іс материалдары 2224 томды құрайды.


Серіктестер