Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
13:22

Наурыз көше пісіруге шымкенттік апайлар Т1610 жаратса, қызылордалық апайларға Т840 керек екен - мониторинг

18.03.2017 Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда Наурыз көже пісіру шымкенттіктер үшін ең қымбатқа түсетінін ҚазТАГ тілшілері осы ұлттық тағамға қажет негізгі қоспалардың бағасына жасаған мониторингі көрсетіп тұр.
Мысалы, шымкенттік апайларға Наурыз көже пісіру үшін Т1610 қажет.
Ал Наурыз көже пісіруге Т1 мыңнан артық жарататындар - Талдықорғанда (Т1565), Алматы (Т1485) Петропавл (Т1360), Өскемен (Т1222), Ақтөбе (Т1164), Қарағанды (Т1055), Астана (Т1003).
Көжеге Т900 бен Т1 мың арасында жарататындар - Ақтау (Т994), Атырау (Т945), Қостанай (Т921). Қызылордалықтар - Т840 жаратады.
Наурыз көженің бағасын есептеу үшін осы көжеге қажет негізгі ингредиенттердің бағасы есептелді. Бұл ретте оған ең аз заттарды қажет ететін рецепт бойынша есептелді: 0,5 кг жылқы еті, 0,2 кг күріш, 0,2 кг тары, 2 пияз және 0,5 л айран бағалары есепке алынды.
Қазақстан қалаларындағы Наурыз көженің қанша тұратынын мына кестеден көрулеріңізге болады.
Наурыз мерекесі 22 наурызда, көктемгі күн мен түннің теңелуінде аталып өтіледі. Ол күні әр үйдегі мерекелік дастарханда міндетті түрде Наурыз көже болуы керек.


Серіктестер