Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:29

Алматының МКД бөлімінің бұрынғы басшысы $45 мың пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

18.03.2017 Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ- Алматыда мемлекеттік кіріс департаментінің (МКД) тергеу бөлімінің экс-басшысы Светлана Вольфты 9 жылға соттады, ал жалған кәсіпорындардың бірқатар қылмыстық топ басшылары 10 жылға сотталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Вольф Светлана Артуровнаның жазасын өтеу мерзімі 2016 жылдың 16 маусымынан басталады. Одан басқа жалған кәсіпорын басшылары Марина Рахуба мен Олесов айыпты деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, қатаң тәртіптегі колонияға 10 жылға сотталды.
Белгілі болғандай, С. Вольф, қызмет бабын пайдаланып, Олесов және Рахуба деген азаматтар басқаратын-мыс жалған кәсіпорындарды қамқорлығына алып, жүйелі түрде олардың заңсыз әрекеттері үшін пара алып отырған.


Серіктестер