Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:38

Оралдағы колония қызметкерлері Т200 мың пара алғаны үшін ұзақ мерзімдерге сотталды

18.03.2017 Орал. 18 наурыз. ҚазТАГ – Орал қалалық сотта РУ 170/2 (жалпы тәртіптегі колония) мекемесінің жедел бөлімінің басшысы Бақтығали Шайхиевке және бөлімдегі оперөкілетті Нұрболат Баязитовке қатысты үкім жарияланды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бақтығали Шайхиев - 7,5 жылға, Нұрболат Баязитов - 7 жылға сотталды, олардың қылмыстық жолмен тапқан мүліктері тәркіленді», - деді тілші.
Сондай-ақ олар атақтарынан айрылды.
Үкім ҚАЖД ондаған қызметкерінің көзінше оқылды.
Іс материалдары бойынша  Б.Шайхиев пен Н.Баязитов сотталған Ли деген азаматтан өтелмеген жазасын бостандығын шектеу жазасына алмастыру және қамқорлық жасап жүру үшін деп Т200 мың пара алған.


Серіктестер