Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:41

Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы Астанада өткен сирияаралық келіссөздердің қорытындысын талқылады

18.03.2017 Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі және оны бұдан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Елдер көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелер, соның ішінде Украинадағы жағдай туралы, сондай-ақ Астанада 14-15 наурызда өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты.


Серіктестер