Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:44

Астана жастары Наурыз мерекесін тойлауда

18.03.2017 Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ - «Береке» аула клубының оқушылары көктемнің басты мерекесі Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты.
Хабарда айтылғандай, Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы аула клубтары үшін нағыз мереке ұйымдастырып, балаларға бар үйренгенін көрсетуге мүмкіндік берді.
Дәстүр бойынша балалар қадірлі қонақтарды кіргеннен бастап қарсы алып, сәлем берді, жылы лебіздерін жеткізді. Болашақ актерлерлер саxна көріністерін, xалқымыздың ұлттық ойындарын көрсетті. Қазақ әңдері ойнап, қыздар «Қамажай» және басқа да ұлттық билер биледі. Жұмсақ та нәзік шыққан домбыра үнімен, жиналған қауымның шапалағы естіліп тұрды.
«Барлығы өте жақсы өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерді білу және дәріптеу өте маңызды. Балалар бүгін өте тырысты. Аула клубтарының тиімділігі бүгінгі шарадан байқауға болады. Іс-шара ұйымдастырушыларына үлкен раxмет!»,- деді «Береке» аула клубының тәрбиеленушісінің ата-анасы.
Айта кетейік, қазіргі таңда аула клубтары қаламыздың түпкір-түпкірінде тұратын жастардың орталығы болып табылады.


Серіктестер