Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
17:21

Елордалық оқушылар республикалық олимпиадаларда үздік нәтижелер көрсетті

18.03.2017 Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Елордалық оқушылар республикалық олимпиадаларда үздік нәтижелер көрсетті, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, 2017 жылғы наурыз айының 13-14 күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде XXІX Азия - Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы және XVІ Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті.
«Азия-Тынық мұхит» математикалық олимпиадасына 38 мемлекет қатысты. Үйлестіруші мемлекет – Қазақстан.
Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасына Жібек жолына қарасты елдер қатысты. Бұл олимпиадаға Қазақстан алғаш рет 2003 жылы қатысып, 2008 жылдан бері үйлестіруші ел болып саналады.
Осы жылы олимпиадаға Республикамыздың барлық облыстарынан 95 оқушы қатысты. Астана қаласы білім беру мекемелерінен жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлделі ІІ, ІІІ орын алған 17 оқушы қатысты.
Ағымдағы жылдың 13-19 наурыз аралығында жаратылыстану бағыты бойынша Павлодар қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиада өтуде. Республикалық олимпиадаға Астана қаласы білім беру мекемелерінен 50 оқушы жолдама алған. Осы аралықта еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қаласынан келген барлығы 754 оқушы математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша өз білімдерін сынайды.
1-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІІ Республикалық конкурсы 2017 жылғы наурыз айының 15-17 күндері аралығында Щучье қаласындағы «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтті.
Конкурсқа Астана қаласы бойынша 24 білім беру мекемесінен 50 жобамен 58 оқушы (11 топтық жұмыс) зерттеу жұмыстарын қорғады. Астана қаласынан барған болашақ ғалымдарымыздың 57-сі жүлделі орынға ие болды: 18 оқушы І орын, 25 оқушы ІІ орын, 13 оқушы ІІІ орын алды.
«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру мақсатында жыл сайын түрлі конкурстар өткізіп отырады.


Серіктестер