Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:04

Астанада «Шашу» халықаралық өнер фестивалі ашылады

18.03.2017 Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ - 2017 жылғы 25 наурызда сағат 10:00-де М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Шашу» халықаралық өнер фестивалі ашылады, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, мәдени шара 29 наурызға дейін жалғасын табады.
Шараны ұйымдастырушылар - Астана қаласының білім басқармасы, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, «ART-ШАШУ» ҚҚ
Фестиваль түрлі мемлекеттердегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы мәдени және достық қарым-қатынасты нығайтуға, шығармашылықты қолдау мен дамытуға, шығармашылық ұжымдардың өнер жетістіктерімен және тәжірибесімен бөлісуге, балалар мен жасөспірімдерді Қазақстанның мәдени байлығымен таныстыруға бағытталған.
«Шашу» халықаралық фестиваліне еліміздің дарынды балалары мен жастары, сонымен қатар Ресей Федерациясының, Саха (Якутия) Республикасының, Қырғызстанның шығармашылық ұжымдары қатысады. «Вокал» (эстрадалық,халықтық, академиялық), «хореография» (халық биі , халықтық – стильді биі, қазіргі заманғы би және эстрадалық би, балалар хореографиясы), «инструментальдық жанр» (соло, ансамбльдер және оркестрлер), «халық әні» ( халық әнің өзінің сүйемелдеуімен орындау) іспетті жанрлар бойынша 700-ден астам қатысушы өздерінің шеберліктерін сынайды. Қазылар алқасының құрамында ҚР өнер қайраткерлері, мәдениет қайраткерлері, эстрада жұлдыздары бар.
Фестивальдің алғашқы күні жас өнерпаздар «хореография» жанры бойынша өздерінің қарым-қабілетін сынға салады. 26 наурызда шығармашылық эстафетаны «вокал» жалғастырады, 27 наурызда «аспап» және «халық әні» жанры бойынша қатысушылар өзара бақ сынайды.
Фестивальдің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау салтанаты және Гала-концерт өтеді.
Бас жүлде кубогын иеленген қатысушылар кіріспе жарнасыз қатысу мүмкіндік алады.


Серіктестер