Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:51

Астанада «Суық жүрек» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді

18.03.2017 Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ - Бүгін сағат 11:00-де «Қазмедиаорталығы» киноконцерт залында «Дисней» компаниясының «Суық жүрек» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты. Хабарда атап көрсетілгендей, көрсетілімнің ұйымдастырушылары «Қазақстан» телеарнасы елорда әкімдігінің қолдауымен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты әлемге танымал мультфильмдерді қазақ тілінде көрсету.
Мульфильмді аудару және дыбыстау 2016 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ дубляж студиясында іске асырылған. Көрсетілімге 6-11 жас аралығындағы 900 жас көрермен шақырылды. Бұл көп балалы отбасылардан шыққан балалар, балалар үйлерінің және интернаттардың тәрбиеленушілері.
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Дисней» компаниясымен ынтымақтастығының негізі 2012 жылы қаланды. Бүгінгі күнге дейін 100-ден аса отбасылық көркем фильм, балалардың 138 ойын сериалы, мультсериалдардың 828 сериясы, 16 толық метражды мультфильм дыбысталды», - дейді телеарнаның өкілдері.



Серіктестер