Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:58

Ақтөбе обл. мұнай өнімдерін ұрлаумен және оны заңсыз сатумен айналысатын ҰҚТ жолы кесілді

18.05.2017 Астана. 18 мамыр. КазТАГ – Ақтөбе обл. мұнай өнімдерінің ұрлауымен және оның заңсыз сатуымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс кмитетінің баспасөз қызметінен.  
«А.ж. 16 мамырында ҚР ҚМ МКК ЭТҚ Ақтөбе облысы бойынша ІІД-ң арнайы жасағының қатысуымен, Ақтөбе обл. мұнай өнімдерінің ұрлауымен және оның заңсыз сатуымен айналысатын қылмыстық топтың жолы кесілді», - делінген комитеттің ресми сайтында орналасқан хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, 100 тоннадан астам дизель отыны тәркіленді, 4 адам құрықталды, оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымының мүшесі бар. Тінту шаралары барысында 12 мекенжайларда ақшалай қаражат, қару – жарақтар, діни әдебиет, әр түрлі заңды тұлғалардың мөрлерімен штамптары тәркіленді.
Жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.


Серіктестер