Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:19

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі 2018 жылдың қазан айныда өтеді

18.05.2017 Астана. 18 мамыр. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Елордада VI дәстүрлі діндер съезі 2018 жылдың 10-11 қазанында өтеді, деп мәлім етті Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбіде  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVI отырысында.
«Біз бұл мәселені қазір шешуіміз керек, себебі ол жұмысқа дайындалуымыз керек.  Бізде екі мерзім бар. Ол – 5-6 қыркүйек немесе 10-11 қазан (2018 жылы –ҚазТАГ).  (...) Егер сіздер қарсы болмасаңыздар съезді өткізудің мерзімін (2018 жылдың – автор) 10-11-қазанына бекітсек», - деді Қ.Тоқаев бейсенбіде  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVI отырысында.
Бұл ретте ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын алдағы съезд тақырыбының бұрынғысынша «Дін өшбасылары қауіпсіз әлем үшін» болып қала беретінін айтты.  
Хатшылық отырысына ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм, индуизм өкілдері, сондай-ақ, бірқатар халықаралық ұйымдар басшылары, соның ішінде БҰҰ өркениет Альянсының директоры Мэтью Ходс және т.б. қатысты.


Серіктестер