Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
09:28

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

19.05.2017 Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, +18+20.
Алматыда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 2-7 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 10 м/с дейін жетеді, +20+22.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, 9-14 м/с жел тұрады, +18+23. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, +18+23. Павлодар облысында  жауын-шашын күтілмейді, +18+23. Қостанай облысыңда күннің бірінші жартысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, 9-14 м/с жел тұрады, +18+23.
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +18+23 және +16+21.
Жамбыл облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, +23+28. Оңтүстік Қазақстан облысында күн бұлтты, күндіз жауын-шашынсыз,   +23+28. Қызылорда облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +23+28. Алматы облысында кей жерлерде жаңыбр жауады,  15-20 м/с жел тұрады, +20+25.
Маңғыстау және Атырау облыстарында жаңбыр жауады, күн күркірейді,  9-14 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +23+28 және +22+27.  Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күн ашық, ауа температурасы күндіз   сәйкесінше, +20+25 және +18+23.


Серіктестер