Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
10:02

Өскеменде мыс балқытатын «КазЦинк» цехы өртенді

19.05.2017 Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ – Өскемендегі «КазЦинк» ЖШС зауытынан ірі өрт шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
«Сағат 21.41-де бейсенбіде мыс балқытатын цех аумағында жеңдік сүзгі матасы өртенген. Өрт 23:53-те ауыздықталып,  00.25-те сөндірілді», - деді Р.Иманқұлов.
Оның ақпарынша, өрт алаңы 50 ш.м. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұл ретте ол түсіндіріп өткендей өндіріс процесі бұзылмаған.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 70 адамы мен Шығыс Қазақстан облысы апаттық-құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметінің 10 бірлік техникасы,  ҚР ІІМ ТЖК «Өрт сөндiрушi» АҚ жеке құрамы жұмылдырылған.  


Серіктестер