Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
11:25

"Ақтөбе" ФК бас жаттықтырушысы тағайындалды

19.05.2017 Алматы. 19 мамыр. ҚазТАГ - Бүгін ертеңгісінгі кездесуде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Владимир Мухановты «Ақтөбе» ФК бас жаттықтырушысы ретінде бекітті, деп хабарлады KazFootball.kz.
Еске салсақ, кеше ресейлік маманның көкшетаулық «Оқжетпес» жаттықтырушысы қызметінен кеткендігі туралы ресми түрде жариялады.  
Кешеден бастап Владимир Муханов қызметіне ресми түрде кірісті.
Муханов  "Ақтөбе" футбол клубын 2006-2012 жылдар аралығында жаттықтырды, сол кезде клуб үш рет ел чемпионы болды, Премьер-лигада «күміс» және «қола» медаль иемденді. Сосын Ресейде "Факель" мен "Химиктерді" жаттықтырды, ал 2014 жылдан бастап көкшетаулық «Оқжетпеспен» жұмыс жасады.  


Серіктестер