Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
11:56

Монако ханзадасы 25 маусымда Астанаға келеді

19.05.2017 Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ - Монако ханзадасы Альбер Екінші мамандандырылған EXPO-2017 көрмесінде Монаконың Ұлттық күнін мерекелеу  аясында Астанаға келеді, деп хабарлады Tengrinews.kz.
"Астана ЭКСПО-2017" ҰК» АҚ баспасөз орталығында Монако павильонының таныстырылымында ұйымдастырушылар 25 мамырда көрме аумағында Монаконың Ұлттық күні өтетінін айтты.  
"Дәл осы күні Монаконың ЭКСПО-дағы ұлттық күні шарасына xанзада Альбер II мен xаншайым Стефани келеді. Сонымен қатар, делегация құрамында Монаконың Ассамблея президенті, Монако мэрі мен біздің елші бар", - деді павильон комиссарының орынбасары Александр Бокийон.
Оның cөзіне қарағанда, ұлттық күнде өнер көрсетуге Монте-Карлодан жергілікті цирк өнерпаздары шақыртылған. Қытайдан, Монакодан және Қазақстаннан келетін 30-дан астам өнерпаз цирк өнерінің фестиваліне қатысады
Еске салсақ, EXPO-2017 көрмесі 2017 жылдың 10 маусымында басталып, 9 қыркүйекте аяқталады. 100-ден астам ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым өздерінің тақырыптық павильондарын таныстырады.  


Серіктестер