Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
13:12

Астанада маусым айында екі жаңа автостанция іске қосылады

19.05.2017 Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Астанада екі жаңа автостанция іске қосылады, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму  вице-министрі  Роман Скляр.
«Астанада әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы, жаңа теміржол вокзалы қолданысқа енгізіліп, екі жаңа автосанция іске қосылады», - деді Р. Скляр жұма күні үкіметтегі баспасөз-мәслихат барысында.  
Бұл ретте, ол бұл нысандардың EXPO көрмесі басталған сәттен – яғни ағымдағы жылдың маусымынан бастап қолданысқа берілетінін атап өтті.  
Оның айтуынша, көрмеге шамамен 2 млн 450 мың адам келеді, соның ішінде ел өңірлерінен 1 млн 800 мыңнан астам.  
Атап айтсақ, 1 маусымнан бастап, «Алай» СО автостанциясы жұмысын бастайды, ол жерде бір күнде солтүстік және батыс өңірлерден келетін (Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Өскемен қалалары) қосымша ашылған 31 рейске қызмет көрсетіледі. Ал Алай автостанциясының филиалы «Кең Март» (1 маусымнан бастап) Оңтүстік және Орталық өңірлерден (Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Қарағанды қалалары) бір күнде 34 рейсті қабылдайды.


Серіктестер