Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:30

Оңтүстік Қазақстанда сары май және құрғақ күт өндіретін зауыт құрылысы жүріп жатыр

19.05.2017 Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ – Қазығұрт ауданында сары май және құрғақ сүт өндіретін құны Т603 млн болатын зауыт құрылысы жүріп жатыр, деп мәлім етті Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Жансеит Түймебаев.
«Тағы бір басым бағыт – инвесторлармен бірге біз ірі жобаларды жүзеге асыруға кірістік. Мәселен, Қазығұрт ауданында сары май және құрғақ сүт өндіретін құны 603 млн теңге болатын зауыт құрылысы жүріп жатыр», - деді Ж. Түймебаев жұма күні баспасөз мәслихатында.  
Оның айтуынша, кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 17,5 мың тонна.
«Сонымен қатар, «Ордабасы-Құс» ЖШС түйеқұс етін өндіретін кәсіпорынмен бірге өндіріс қуатын жылына 25 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр», - деді әкім
Ж. Түймебаевтың ақпарынша, өңірде 363 ауыл шаруашылық кооперативін құрды, оған 39 591 шаруашылық бірікті.  
Биыл ОҚО-да егістік алқабы 792,3 мың гектарды алып жатыр, бұл 2016 жылғыдан (788,8 мың га)   3,5 га жоғары. Қарқынды саяжай алаңы  2630 га болды, бұл бір жыл бұрынғыдан (2 мың га) 630 га артық. Жаңғақты саяжай алқабын биыл 140 га көбейту жоспарлануда, сөйтіп ол 493 га жетті, былтырғыдан 353 га жоғары, сондай-ақ биыл бірінші рет 50 га алқапқа бадам бағы отырғызылады. Жылыжайлар алаңы  2016 жылғы 1123 га қарағанда 1323 га құрады.
2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі Т476 млрд болды, ал 2016 жылы Т445 млрд құраған болатын.  


Серіктестер