Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:44

Алматы облысында жүрген лай көшкіні екі демалыс базасын тоқсыз қалдырды

19.05.2017 Талдықорған. 19 мамыр. ҚазТАГ – Алматы облысында бірқатар әлеуметтік нысандар лай көшкіні салдарынан тоқтан ажыратылды, деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметінен.  
«Азаматтық нысан тоқтан ажырап қалды: «Спутник» демалыс базасы,  «Маралсай» демалыс базасы, бөгет (электр тоғы жүріп жатқан - ҚазТАГ) және келесі филиал кеңселері: мемлекеттік қорық және Алатау мемлекеттік табиғи саябағы», - деді ҚазТАГ тілшісіне жұма күні ТЖД-де.  
Хабарда айтылғандай,   9 мамырда жергілікті уақытпен 00.45-те Алматы облысы Талғар ауданында Талғар өзенінің бөгетінің төменгі жағында 500 м жерде көлемі 50 мың текше м. болатын лай көшкіні жүрді. Лай көшкіні Талғар тас жолы мен «Спутник» демалыс үйін басып қалды, электр тарату желісінің 2 бағаны мен телефон байланысының желісі құлады.зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ.


Серіктестер