Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:50

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның шығысында температура төмендейді деп күтілуде

19.05.2017 Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы демалыс күндері Қазақстанның шығысында температура төмендейді деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Солтүстік және орталық облыстарда түнгі үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7...15°С болады деп күтілуде.  Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде  ауа температурасы 1...3º дейін төмендеп аяз болады», - делінген таратылған хабарда.
Метеоқызмет ақпарынша, Еуропалық Ресейдің оңтүстік аумағынан жылжыған циклондар Қазақстанға ауысып, олар шығысқа қарай жылжи отырып, жаңбыр шақырып, кей жерлерде найзағай жарқырап, бұршақ, қатты екпінді жел алдымен республикамыздың батысында, содан кейін солтүстігі мен орталығында, оңтүстігінде болады деп болжануда..
Астанада үш күн бойы жауын-шашын болмайды, оңтүстік-батыстан 9-14м/с жел тұрады, ауа температурасы күндіз +20+29 градус.
Алматыда күн ашық, күндіз +28+30 градус.


Серіктестер