Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:38

Қарағанды облысында қымызбен емдейтін қонақ үй ашылмақ

19.05.2017 Қарағанды. 19 мамыр. ҚазТАГ – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында қымызбен емдейтін қонақ үй ашылмақ, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  
Әкімдік ақпарынша, ауданда шамамен 2 мың шағын бизнес субъектісі жұмыс жасап жатыр. Жыл басынан бері 4 жаңа шаруа қожалығы пайда болды. Бұл ретте, бұрыннан бері жұмыс жасап келе жатқан кәсіпкерлер бизнесін кеңейтуде. Атап айтсақ, ірі-қара малын өсірумен айналысатын «Айса» шаруа қожалығының басшысы биыл қымызбен емдейтін қонақ үй ашуды жоспарлап отыр, ол жерде келушілер демалып, сауықтыру қызметін ала алады.  
Қазір Қарқаралы ауданында туристерді орналастыруға арналған 26 нысан бар. Маусым кезінде олар жалпы 2500 демалушыны қабылдайды.  


Серіктестер