Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:46

Демалыс күндері Сырдария өзенінде су тасулар мен су басулар күтілуде

19.05.2017 Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы күндері Сырдария өзенінде су басулар мен су тасулар күтіледі, деп хабарлады  «Қазгидромет» РМК.
Сонымен, Өзгидромет ақпарынша, 19-23 мамырда Чирчиктің төменгі сағасында 800-900 текше м/с су шығынының артуы күтілуде, Сырдарияда Чиназ бекетінде 1500-1800 текше м/с дейін артуы мүмкін. Соған байланысты өзен сағасына жақын маңдағы учаскелер мен аумақтарда су тасулар болуы мүмкін. Соған орай, Өзбекстаннан келген дауылды ескертуге байланысты Сырдария өз. Көкбұлақ гидробекеті аймағында 1500-1800 м3/с су өтімінің артуы күтіледі, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін.


Серіктестер